|  |  |  |  |  |  |  | 

Көз қарас Руханият Саясат Тарих Қазақ хандығына 550 жыл Қазақ шежіресі Әдеби әлем

Қазақ этногенезінің дағдарысы һам жаңа концепция

Eldos Tanka tasАрма ағайын!
Шағын сараптама
Бірінші, қазақ этногенезінің дағдарысы келе жатыр. Дағдарысқа қарсы қазақ этногенезінің жаңа концепциясының жасалмауы алаңдатады. Біз қазір 18 ғасырлардағы қазақ хан-сұлтандары қабылдаған этногенездік концепциясымен әлі өмір сүріп келе жатырмыз. Одан кейінгі үш ғасырда колонизациялық кіріптарлық этногенездік жаңа концепцияны қабылдауға һәм трансформациялауға мұрсат бермеді. Қолданыстағы қазақ шежіресін ашып қараңыз, рулар шежіресінің концепциясы 18 ғасырларда қабылданған мизамға сәйкес келеді. Тіпті шежіредегі аталық рулар сол ғасырдағы қандайда бір тарихи тұлғадан (батырдан) бастау алады немесе шежіредегі аты аталатын рулар 18- ғасырға барып тоқтайды, ары қарай үзік-үзік. Бұл 18- ғасырдағы жаугершілік заманның талабына сай сұрыпталған қазақ этногенезінің көрінісі еді. Яғни қазақ шежіресінің концепциясы қазақ этногенезінің моделін қалыптады.
Екінші, саяси және мәдени шешімдердің қабылдануы қазақ этногенезінің қалыптасуын негіздеп отырды. Бір уақыттарда “қазақ” деген ұғым Керей мен Жәнібек ханға ерген һәм оны құптаған ру-тайпаларға қарата айтылса, бір уақытта Қасым ханға бағынышты һәм оның құзіретіне салық тапсырушы барлық аймақтарға қарата айтылды. Тіпті бір уақытта “қазақ” ұғымы Алты Алаш деген концепция аясында біріккен киіз туырлықты көшпенді ру-тайпаларды көрсетсе, бір уақыттарда үш жүз құрамына енген руларды көрсетті.
Үшінші, біздің қазіргі буын ұрпақ сол 18- ғасырдағы саяси, әлеуметтік һәм әкімшілік және экономикалық-шаруашылық жағдайына байланысты сол заманның шарттары негізінде қабылданған “үш жүз” концепциясымен әлі өмір сүріп жатырмыз. Біздің тарих, мәдениет, шежіре, ұлттық өнер атаулының бәрі аталмыш “үш жүздің” концепциясы негізінде жазылады, жасалады. Бүгінгі саяси философиямыз да әне сол “үш жүзге” құралған.
Төртінші, тағы да алаңдайтын бір мәселе: “үш жүз” концепциясымен Ұлық Ұлысқа тіке секіргіміз келетіні. Яғни тарихи методологияның дұрыс болмауы. Қазақстан – Жошы ұлысының тарихи мирасы дейтін біржақты ұранымен ортағасыр кезеңіне қызығушылық таныту. Сөйтіп тарихымызға тікелей қатысы бар Шағатай ұлысы және Моғолстанды одан да ерте кезең Дешті-Қыпшақ дәуірін біртіндеп назардан тыс қалдырып жатырмыз.
Бесінші, қазақ хандары өз дәуірінің саяси, экономикалық және мәдени, рухани дағдарыстары мен қиындықтарынан сәтті шығуы үшін түрлі саяси-рухани концепцияларды қабылдап отырған. Сөйтіп өзіне қарасты көшпенді рулардың тұтастығын сақтап қалды. “Киіз туырлық”, “Алты Алаш”, “Үшжүз”, тб ұғымдар заманның шартына сай қалыптасқан этногенездік сұрыпталуды жеделдеткен дала концепциясы еді. Соңғы үш жүз жылда концепция жаңармады, оны жаңартуға мұрсат та болмады, отарлану мүмкіндік бермеді. Әйтпесе қазақтың хан-сұлтандары 19-20 ғасырдың шартына сай жаңа концепция қабылдайтын еді. Бірақ мәселенің түйіні одан да тереңде жатыр.
Алтыншы, яғни 21 ғасырда біз әлемдік өркениет принциптеріне сай жаңа этноқұрылым қалыптастырамыз десек “үшжүз” концепциясын қайта қарауымыз керек. Бұл концепция өз міндетін әлдеқашан атқарып болды. Бізді 17-18 ғасырдың қиындықтарынан бүгінге дейін аман-сау алып келді. Енді біз үш жүзден құралатын өз этногенезімізді сақтай отырып жаңа концепция қабылдауымыз керек. Әйтпесе біз 18 ғасырдың “бу машинасымен” 21 ғасырда қайда барамыз?!
Жетінші, Үш жүзден құралатын қазақты Ұлық Ұлыстың тікелей мұрагері ретінде көру ұмтылысы қаншалық дұрыс?. Меніңше ұлттық болмысты құрайтын “жүз” концепциясын қайта қарастырмайынша ортағасырдың саяси, мәдени һәм рухани болмысын толығымен сабақтастыру өте қиын. Бұл жерде бір-біріне қарама-қайшылық өте көп. Ең қарапайым мысал, үш жүзден құралатын қазақ тайпалары тек Ұлық Ұлыстың құрамында болмады есесіне Шағатай ұлысының кейінгі Моғолстанның да құрамында болды. Тіпті Ұлы Моңғол жорығына бас имеген дешті-Қыпшақтың кейбір ру-тайпалары да біздің тарихымыз аясында қарастырылуы тиіс, оларды Ұлық Ұлысқа бағынбады деп бөле қарау ғылыми этикаға жатпайды. Дегенмен біз қазір Ұлық Ұлыс туралы көбірек дәріптеп ал Шағатай мен Моғолстанды тіпті Дешті-Қыпшақты назардан тыс қалдырып жатырмыз. Алтын Орда қаншалық ұлықталса Шағатай ұлысы да, Моғолстан да соншалық ұлықталуы керек.
18- ғасырдың концепциясын қалай жаңартамыз?
Қараңызшы, Қазақстандағы славян немесе қандайда бір халықтың өкілі қазақ мектебіне барады, қазақтың тілі мен мәдениетін жеттік меңгерген, өзін осы елдің төл ұрпағы сезінеді, домбыра шертеді, тіпті айтысқа қатысады, сіз келесіз де оны 18-ғасырдың ескі мизамы бойынша “сен жүзге жатпайсың, сол үшін қазақ бола алмайсың” дейсіз бе?! Сізше, қазақ деген кім? Мысалы бір уақыттарда “қазақ” деп Керей мен Жәнібек ханды қолдаған саяси-рухани көзқарасы бөлек ру-тайпаларды солай атады…
Бір жылдары Алты сан Алашты атады. Бір уақыттарда Қасым ханға салық тапсырған, Афрасиабты билеген Қайып пен хан Тәукеге бағынышты елді атады. Қазақтың хан-сұлтандары, орда кеңесшілері, стратегтері һәм билері өз дәуірінің қиындығынан сәтті шығатын стратегиялық концепцияларды жаңартып қабылдап отырды. Ресейдің отарлық саясаты болмаса концепция үздіксіз жаңарып бүгінге де жетіп біз басқа таным түсінікпен өмір сүрген жаңа этногенездің бастауында отыратын едік.
Меніңше бүгінгі рухани, мәдени дағдарысымыз өте тереңде жатыр. Біз 300 жыл бойы орындала алмаған ғасырлық жүктің тапсырмасын арқалаған әлсіз ұрпақпыз. 30 жылда біз 300 жыл бойы кешіккен жүкті сезіне алдық ба, ол да қызық.
Қош, біз қалай болмасын 18- ғасырдың саяси, мәдени һәм рухани концепциясын қайта қабылдауымыз керек. Мысалы Шыңғыс хан өз заманында “киіз туырлықты” деген ұлы концепция қабылдады. Біз 21 ғасырда қандай концепция қабылдаймыз?!
Бірінші, “үшжүз” ұғымы туралы жаңа анықтама қабылдау. Бұрын үшжүз концепциясы қалай еді? Сізге бір мысал айтайын, бұрынғы кезде қалмақтың не башқұрттың ауылын шапқанда жүздеп-мыңдап құлдыққа түскен азаматтары қазақ арасында жүріп тез сіңіп кететін болған. Неге? Құл боп қазақтың малын бағып отынын жарып жүрген әлгі тұтқынды сол ауылдың ақсақалы кейін баурына басып әлгіге сол елден қыз алып беріп үйлендіріп және одан тараған ұрпақты сол ауылдың шежіресіне қосып жаңа ата ретінде бөліп тарататын-ды. Бұрын сол шежіре 5 ата болса анау 6-атаға айналып одан тараған ел сол шежіренің құрамында құқы тең қорғалатын болған. Ерекше жағдайда болмаса оның тегін ешкім тектеп бетіне баспаған. Бұл бұрынғы үшжүз концепциясы. Жеті атаға толған соң шежіреден аталық шығарып руларды қайтадан түзіп отыру 20- ғасырдың басына дейін өз болмысымен жетіп отырды. Ал одан кейінгі әкімшілік құрылым, экономикалық және шаруашылық негіздері шежірелік тұрпатты сол бұрынғы күйінше қалдырып оны 21 ғасырға бейімдеу қызметін тоқтатып алды. Яғни бүгінгі шежіреде адам аттарының тізбегі ғанс аталғаны болмаса шежіре дегеніңіз өз мәніндегі шежіре емес. Ешбір шежіреде түтін саны мен жеті атаға дейінгі шарт толса да “бөлініп” шыққан ешкімді көрмейсің. Проблема ма, үлкен проблема. Ол үшін алдымен “үшжүз” концепциясын 21 ғасырдың саяси, экономикалық, әлеуметтік және әлемдік өркениеттік принциптерге негізделіп қайта қарастыруымыз керек.
Екіншісі, қазақ деген ұғымның 21 ғасырдағы саяси, әкімшілік және экономикалық һәм рухани анықтамасын кеңейтуіміз керек. Бұрынғы уақытта “қазақ” ұғымы деп Алты Алашты, киіз туырлықты халықты және үш жүзден құралған этноқұрамды меңзесе, 21 ғасырдағы “қазақ” ұғымы адамзаттық өркениет принциптеріне сәйкес келетін қандайда бір саяси, діни һәм мәдени түсініктен де кең әрі ауқымды біртұтас ұғымды қамтуы тиіс. Дәлірек айтқанда 21 ғасырда қазақ болуы үшін монголид болуы, қазақ болуы үшін мұсылман болуы, қазақ болуы үшін “үшжүзге” бөлінуі шарт емес, ол сонымен ғана шектелмеуі осы ұғымдарды да өз ішіне қамтыған аса ауқымды этно-мәдени кекістікті құрауы тиіс. Яғни ешқандай діни сенімі болмаса да сол азамат қазақ болып анықтала алады, христиан болса да өзін қазақ сезінсе онда ол “қазақ” бола алады. Атап айтқанда 21 ғасырдағы “қазақ” ұғымы үш жүзден, мұсылмандық наным-сенімнен және христиандық мәдениеттен, атеистік танымнан да бір кеңістік жоғарыда тұрған ұғым болуы тиіс.
Үшінші, ХХ ғасыр басында осы тақырып бойынша Ә.Бқкейхан, М.Шоқай және Т.Рысқұловтар заманының қиындығы мен тығыздығына қарамастан терең зерттеп ойлана келе жаңа концепция қабылдаған еді. Яғни “Алаш” және “Түркістан” концепциясы. Аталған концепция аясында “қазақ”, “үшжүз” туралы ұғымдар жаңа сапа негізінде өркениет принциптеріне сай 20- ғасырға трансформацияланатын еді. Өкінішке қарай заманның ауқымы жар бермеді және аталған тарихи ұғымдар маркистік-лениндік принциптерге негізделген советтік идеологияға қарай икемделіп бейімделді. 1991 жылдары егемендік кезеңінде бұл үрдіс тағы да толығымен шешілмеді. 2000 жылдары біртұтас “қазақстандық ұлт” концепциясы қоғамда ерекше дүмпу тудырды, ұлт зиялылары қазақтілді қауымды қазақстандық ұлт доктринасы аясында жойып алудан алаңдады. Меніңше қазір “қазақ доктринасын” жаңаша қабылдаудың шарты пісіп жетілді.
Төртінші, қазақ доктринасында қазақтың этнотерриториясы анықтала отырып яғни Аратүрік, Шүлен таулары, Еренқабырға, Алтай, Тәңіртау және Ібір-Сібір, ұлы Арқа, Есілдің бойы, Жайық пен Еділдің тұтас алабы, Қап тауы мен Теңнің басы, Маңғышылақ пен Амудария сағалары, Тәңіртаудың Сейхун-Жейхунмен жағаласа түйіскен Перғана алқабы, Алатау түркі-моғол, дешті-қыпшақ һәм славян текті түрлі этностарды “қазақ” атауымен біріктіріле отырып жаңаша этногенезді құрайды. Қазақтың жаңа этногенезі анықтамасында түркі-моғол (шамамен 80%), славян (шамамен 15%) һәм ирани (шамамен 5%) үш тұғыр бар. Осы үш этноқұрылым бүгінгі “қазақты” құрайды. Тілі – байырлы түркі және дешті-қыпшақ тілі негізінде қалыптасқан- қазақ тілі. Тарихы – қандайда бір тарихи мемлекеттерге басымдық берілмейді, аталған географиялық және этнотерриторияда үстемдік құрған барлық тарихи оқиғалар тең жағдайда академиялық тарих ретінде бірге қарастырылады. Мәдениеті мен наным-сенімі қандайда бір тарихи наным-сенімге басымдық берілмейді, аталған этнотерриториядағы байырғы халықтың қолданыстағы мәдениеті сақталады және әрбір тарихи наным-сенімдерге тең құқылы қаралады һәм қорғалады.
Бесінші, мысал ретінде ұсынылған доктринаның құрылымы қоғамда ашық талқылаудан өтуі тиіс. Және Қазақстандағы әрбір азамат және әрбір діни сенімдер мен мәдени құрылымдар соның ішінде қорғалуы тиіс. Сол кезде біз ұрпақ сабақтастығы арқылы “үшжүздік” концепцияны ақырындап 21-ғасырға трансформациялай аламыз. Ал егер трансформациялау ісі дұрыс жүрмесе “үшжүз” концепциясы 21- ғасырда біздің көптеген жаңа шарттарымызға сіңбей, түбі жоқ түсініксіз “кедергілерге” алып келеді. Ол кезде “үшжүзді” ешкім заманға сай бейімдеп трансформациялайық демеуі мүмкін, ол кезде “осы үшжүздің бізге не қажеті бар” деуі мүмкін.
Алтыншы, бұл тақырыпты 30 жыл бұрын ерте қолға алып тұғырлы концепциясын қабылдауымыз керек еді. Іргелес елдерде мысалы Қытай мен Ресейде ХХ ғасырда аталған тақырып бойынша көп дискуссия болды. Әсіресе қытай тарихшылары мен саясаттанушылары бұл тақырып аясында ерекше пікір-талас жасады. Олар соңында “中华民族” деген концепция қабылдады. Және бәрі осы тұғырнамаға тоқтады.
Елдес ОРДА
15.06. 2026

Related Articles

  • Аттыға жол, ауыздыға сөз бермеген Тұрым батыр

    Әр дәуірде халықтың пана тұтар, қормал санар құрметті азаматтары болады, солардың бірі заманы Аттыға жол, ауыздыға сөз бермейтін, батырлығымен халқы жақта тұрып, мынау ортасы мен мекенін қорғау жолында сырт жауға сес болып келген Тұрым батырды туған халқы мәңгі ұматпайды. Тұрым бала күнінен балуандығымен, қамшыгерлігімен аты шыққан, есейіп ат жалын тартып міне көз алартқан жауларының бетін қайтарып көзге түскендіктен «бұл өңірде Тұрым бар» деп сырт жаулар аттап баспайтын болған. Тұрым өмірінің соңында зиратын қазып, қабырын тұрғызып қойып қажылық сапарға аттанып, қайтарында бүгінгі Семей өңірі маңына келгенде тұйықсыз дүние салып, жол жолдастары сүйекте бұзбай Сартеректегі өзі әзірлеп кеткен қабырға жеткізіп, ел, жұртына табыс етіді. Ителі руының бір мұнша атасы Ажы гүң болып

  • ЖАСТАР ҚАЛАСЫНДАҒЫ РУХАНИ КЕШ: АЛМАТЫ АСПАНЫ АБАЙ ӘНДЕРІМЕН КӨМКЕРІЛДІ

    ЖАСТАР ҚАЛАСЫНДАҒЫ РУХАНИ КЕШ: АЛМАТЫ АСПАНЫ АБАЙ ӘНДЕРІМЕН КӨМКЕРІЛДІ

    Әмірболат Құсайынұлы Абай күні қарсаңында Алматы қаласында ашық аспан астындағы сахнада мыңдаған көрермендер Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы» қолдауымен түсірілген Абайдың тұңғыш шығармалар жинағының жарық көру тарихын баяндаған «Алғашқы кітап» атты деректі фильмді тамашалады, деп жазады Muztaumedia.kz. Докудрама жанрындағы бұл деректі фильм қазақтың неше ғасырлық рухани тарихындағы таң қаларлық ұлы оқиға — 1909 жылы Петербор қаласында Ильяс Бораганский баспасынан жарық көрген Абайдың тұңғыш кітабының қилы тағдырын бейнелеген. Фильм жалғыз өзі тұтас бір әлем жасап, шығармашылықпен айналысқан небәрі жиырма жылдың ішінде қазақтың тілін де, көркемдік, этикалық танымын да күрт өзгертіп, бұрын-соңды түрік жұрты жетпеген биікке көтерген Абайдың алғашқы кітабы қалай басылып шықты, Абай көзі тірісінде өзінің

  • «Сен есірке, тыныш ұйықтат, бақ сөзіме!» /АБАЙ/

    «Сен есірке, тыныш ұйықтат, бақ сөзіме!» /АБАЙ/

    Біздің қазақта «малға достың малдан басқа мұңы жоқ» – «малдан боғы ғана бөтен» талай жарымес Абайдың атына неше түрлі сөз айтқан. Оның ішінде саудагер ғана емес, өзін “сөз ұстаған”, “ел ұстаған” санайтындар да болды. Бұларға Абайдың өзі жауап беріп кеткен: «Тыныш ұйықтат, сен есірке, бақ сөзіме!». Ал, анау жігіт «малдың буымен» негізгі ойын дұрыс жеткізе алмаған сияқты. Ол, «Құнекең малын шығындап, Абайды оқытып, жағдай жасамағанда қалай болар еді… Біз де сол Құнекең сияқтымыз…» дегенді айтпақшы болды – ау деймін… Құнекең қайда, сен қайда… «Қуаты күшті нұрлы сөз, Қуатын білген абайлар…» – дейді Абай. Сөздің қуатын білмеген өте қиын, күйіп қалуың мүмкін… Осы арада Британияның Премьер – министрі болған Бенджамин Дизраэлидің

  • Тибет асқан көш не себепті басталды?

    Тибет асқан көш не себепті басталды?

    1883-жылы Алтайдан Жамысбай бастаған қазақтар алғаш рет Баркөл жеріне көшіп барды, 1887-1891-1895 жылдары тағыда көшіп келгендер болды. онан кейінде көшіп келгендер болды, мысалы 1912-1913 жылдары, 1920 жылдары, 1924-1929 жылы келгенлер болды, олардың дені Алтайдан болатын. 1912 жылдан кейін манжу билігі құлап қытай билігі орнады, 1928 жылы билікке келген Жин Шурын Алтай төресі Қасымқан ұлы Шәріпқанды, Тарбағатай төресінің ұлы Қызырды, Баркөл қазақ үкірдайы Әліптің ұлы Елісқанды Үрімжіде оқытты, Елісқан заманауй Әскери білім алды, қытай тілін үйренді. Оны 200 адамдық қарулы қазаққа басшы етіп оны «Шығыс Шыңжаң шегара қорғаныс отрияды» деп атады. 1931 жылы Құмыл ұйғырлары Қожанияздың бастауында көтеріліс жасады. Оқиға Бір қытай әскер басының бір ұйғыр қызды зорлықпен әйел етіп алмақ

  • Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі

    Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі

    Жеке архивімнен табылған құнды мұрағат «Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі) Бұл өлеңді 1980 – жылы Өр Алтайдың Көктоғай ауданына қарасты Дүре ауылында 61 жастағы Қауан Орынбасарұлы деген ақсақал айтқанынан жеке архивімде сақталып қалғанынан тауып оқырманмен бөлісіп отырмын. Ай, құдай – ау, аққа жақ, Өзіңі аян мен нақақ. Ақиқат деген жолыңнын, Абыройыңды ашпа хақ. Аятбенен қадысқа, Алла ниет ақ іске. Жан алмасам жоқ еді-ау, Жаза тартсын деген бақ. Мені соттап байлатып, Зығырданды қайнатып. Масайрасын мәз болып, Қинағанды өзің тап Жақын жерден жау шығып, Мақүл істен дау шығып. Дұшпан үстап қолымнан, Иттер тістеп тонымнан. Жаман тосу болған шақ, Түтқын болып тарығып, Жалғыз жатып зарығып, Ашу қысып ойды алып, Дерт жәйіліп бойды

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: