|  |  |  | 

Жаңалықтар Саясат Тұлғалар

Тасмағамбетов ҚР вице-премьері қызметінде қандай шаруа тындырды?

Иманғали Тасмағамбетов

Tengrinews.kz тілшілері Иманғали Тасмағамбетовтің ҚР вице-премьері қызметінде қандай істер бітіргенін еске алады.

Талғар қалашығы территориясында құрылыс жұмыстары тоқтады

Бұған дейін Талғар қалашығының территориясында барлық құрылыс жұмыстарын тоқтату бойынша тапсырыс берілген. Оның мақсаты – Қазақстанның нысандарын ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мұралар тізімінде сақтау және осы ұйымның қажетті стандартына сәйкес болуы. ЮНЕСКО-ның бас директорымен Париждегі кездесуде Жібек жолының бірінші Чанъань-Тяньшань үзігіндегі 8 қазақстандық ескерткішті ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мұралар тізімінде қалдыру бойынша келісім жасалды.

Кейкі батырдың сүйегін жерлеу

2017 жылдың жазының соңына дейін Кейкі батырдың Қазақстанда жерленетін жерін анықтап, жерлеу туралы шешім шығарылды.

Педиатрия факультеттерін қалпына келтіру

2017 жылы Қазақстанда педиатрия факультеттері қалпына келтіріп, балалар емханаларының сапасы жақсарады. 2007 жылы медициналық ЖОО-лар кадр дайындаудың жаңа моделіне өткен болатын. Сол уақытта педиатрия факультеттері жалпы медицинаға енген еді. Енді балалар дәрігері болу үшін резидентура аяқтау керек. Сондықтан түлектер мұндай салалық мамандық таңдауға қызығушылық танытпаған. Статистикалық мәліметтер бойынша, 2012 жылы “педиатрия” маманды бойынша 742 ғана адам, 2013 жылы – 423, 2014 жылы – 7 адам білім алған. Салдарынан республикада балаларды емдеу ісінде дәрігерлер жетіспеді.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру

2017 жылдан бастап Қазақстанда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру енгізілді. Бұл бағдарламаның аясында медициналық көмекті күндізгі оқу формасындағы барлық студент ала алатын болды. Ал төлемді мемлекет жасайды. Сырттай оқитын студенттерге келсек, төлемді олар жеке кәсіпкерлік жолмен өздері жасауы керек немесе олардың жұмыс берушілері төлеуі тиіс, не болмаса халықты жұмыспен қамту орталықтарында ресми тіркелген болса мемлекет төлейді. Сырттай оқитын студентке төлем не жарна түспесе, оларға тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемінің аясында медициналық қызмет көрсетіледі. Бұған жедел жәрдем және санавиация, айналасындағыларға қауіп төндіретін әлеуметтік мәні бар аурулар мен аурулар кезіндегі медициналық көмек, алдын-алу екпелері, 2020 жылға дейін амбулаторлық дәрі-дәрмекпен қамтылған амбулаториялық-емханалық көмек

Балалар үйінің тәрбиеленушілерінің азаюы

Мемлекеттік органдар балалар мекемелеріндегі тәрбиеленушілердің санын оларды асырап алуға, патронатқа өткізуге және асырап алушы отбасыларға беру жолдарымен азайту бойынша жұмысты қарқындатты. Отбасылық құрылымның балама формалары кеңейтілді – асырап алу, қамқоршылық, қорғаншылық, патронат, қамқорлыққа алумен қатар, 2017 жылдан бастап қабылдау және қонақ отбасылар енгізіледі.

Мемлекеттік ЖОО-ларға ректорларды тағайындаудың жаңа талаптары

Қазақстанның бұрынғы вице-премьері Иманғали Тасмағамбетовтың төрағалығымен жоғары оқу орындарының ректоры лауазымына үміткерлерді анықтау жөніндегі Республикалық конкурстық комиссияның алғашқы отырысы өткен еді. Сол отырыста бекітілген жаңа талаптар бойынша, жаңа талаптарға сәйкес ректорлардың тағайындалуы ашық конкурс негізінде жүргізіледі. Республикалық комиссия қарауына жоғарғы оқу орнының бақылаушы кеңесі кем дегенде үш кандидатты ұсынады. Комиссия қатысушылардың оқу орнын дамыту бағдарламасын тыңдап, сұхбат жүргізеді. Соның нәтижесінде ЖОО-ның ректоры лауазымына кандидатты анықтайды. Бұл жаңашылдық қазақстандық жоғарғы оқу орындарының басқару құрамын сапалы толтыру және басқару дербестігін ұлғайту, сондай-ақ, қоғам алдындағы есептілікті күшейту қажеттігінен туындап отыр.

Білім беру жүйесінің модернизациясы

ҰБТ жүйесін жетілдіру бітіру емтихандары мен ЖОО түсу емтихандарын бөлуді қарастырады. Бұл бітірушілердің терең білімін, білімнің жүйелілігі, толықтығы, талдау, қорыту, жіктеу мүмкіндіктерін анықтайтын дағдыларын тексеруге бағытталады. 2016 жылдан бастап 2019 жылға дейін орта білім ұйымдары жүйесінде кезең-кезеңімен оқытудың жаңа мазмұнына көшу жоспарланған. Жаңа оқулықтар, бағдарламалар мен оқыту әдістері механикалық оқытудан функционалдық сауаттылыққа бағытталады, яғни өз білімі мен дағдыларын логикалық қолдануға үйрететін болады. Жоғары білім беру саласында ЖОО-ның автономдылыққа көшуі және олардың академиялық, қаржылық тәуелсіздігін кеңейту жүргізілді.

Мемлекеттік функцияларды азайту

Мемлекеттік функцияларды қысқартуға, азаматтардың шешім қабылдау үрдісіне қатысуын кеңейтуге, жергілікті өзін-өзі басқару және өзін-өзі реттеуді дамытуға, сонымен қатар, мемлекеттің шығындарын азайтуға бағытталған бірқатар шаралар атқарылды. Бәсекелестік ортаға бірқатар қызметтерді беру шешілді. Атап айтқанда, Әділет министрлігінен – бағалау қызметін реттеу функциясын, Энергетика министрлігінен – экологиялық аудиторларды реттеу қызметін, Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінен – медициналық көмек көрсету сапасы мен деңгейіне азаматтардың қанағаттану дәрежесін анықтау бойынша функциясын беру шешілді.

Үкіметтік емес ұйымдарға сыйақы беру

2017 жылдан бастап Қазақстанда үкіметтік емес ұйымдарға сыйақы беріледі. Сыйақы ұйымдардың жарғылық мақсаттарына, институционалды дамуына, қызметкерлердің біліктілігін көтеруге, бірлестіктің материалдық базасын нығайтуға жұмсалады. Үкіметтің атынан берілетін сыйақы қоғамдық ұсыныстар мен олардың қызметін бағалауды ескере отырып, әлеуметтік жобаны сәтті жүзеге асырған ұйымдарға беріледі. Үміткерлерді іріктеу құзыретті орган жанындағы ҮЕҰ-мен іс-қимыл жөніндегі үйлестіру кеңесінде жүргізіледі. Сыйақы алуға өтінім жолдаған әрбір ұйым кеңес мүшелері мен тәуелсіз сарапшылардан құралған сараптау комиссиясының бағалауынан өтеді. 2015 жылы ҮЕҰ туралы заңның қабылдануымен “ҮЕҰ үшін грант” түсінігі енгізілген болатын. Гранттарды беруді гранттық қаржыландыру операторы - “Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы” коммерциялық емес акционерлік қоғамы жүзеге асырады.

ЮНЕСКО сертификатын ҚР ұлттық музейіне беру

Еліміз 2017 жылы ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мұралар тізіміне “Асық ұлттық ойыны” номинациясын енгізуді және “Қорқыт мұралары” көпұлттық номинациясын үйлестіруді жоспарлап отыр. ЮНЕСКО-ның тізіміне мұраларды тіркеу Қазақстанның материалдық емес мәдени мұраларын елімізде және халықаралық деңгейде кеңінен насихаттауға, сондай-ақ оларды қорғау бойынша ұлттық деңгейде жүйелі шаралар қабылдауға ықпал етеді.

Елдің сандық кітапхана қорын ашу

Қазақстанда 2020 жылға қарай барлық кітапхана қоры сандық жүйеге өтеді. Аталған сандық жүйе кітапхана қызметінің дамуына оң ықпал етіп, кітапхана қорын құру, сақтау және одан әрі дамытуға жаңа мүмкіндіктер береді. Бұл Қазақстандағы барлық кітапханалардың бірыңғай электронды каталогын құруға көмектеседі. Мұның ізін ала Қазақстан “ТМД елдерінің электронды кітапханасы” жобасына қосылады. Бұл жағдайда ресейлік қорларда сақтаулы тұрған ерекше кітаптар біздің азаматтар үшін де қолжетімді болмақ. Сонымен бір уақытта республикада алғаш рет сирек әрі ерекше кітаптар мен қолжазбалардың орталығы ашылады. Сонымен қатар, оқушылар үшін әдебиет пәні бойынша мектеп бағдарламасына үздік заманауи авторлардың шығармалары енгізіледі. Ал, еліміздің жас тұрғындарына арналған әдеби шығармаларды тегін жарнамалауға мүмкіндік беру қарастырылған.

Тұңғыш рет “Кинематография туралы” заң жасалып жатыр

“Кинематография туралы” заң, сондай-ақ Кинематографияны дамыту тұжырымдамасы ұсынылды, бұл құжаттарда отандық киноиндустрияның одан әрі дамуының негізгі бағыттары көрсетілген. Премьер-министр өзінің орынбасары болған Иманғали Тасмағамбетовке барлық мүдделі тараптармен бірлесе отырып Кинематографты дамыту тұжырымдамасы мен Заң жобасын талқылап, оларды Үкімет қарауына ұсынуды тапсырған еді.

“Алаш” қозғалысының 100 жылдығына дайындық

Бүгінде “Алаш” қозғалысының тәуелсіздік мұраттары үшін күрестегі рөлі мен маңызын, оның көшбасшыларының саяси-құқықтық, ұлттық құндылықтарға қатысты көзқарастарын, тұжырымдарын жаңа заманның талаптарына сай зерделеу өте маңызды. ХХ ғасырдың басында ұлттың зиялылары азаттық үшін болған көп ғасырлық күресте маңызды рөл атқарды. Үкімет тарапынан Ахмет Байтұрсынұлының ғылыми еңбектерін зерделеуді жетілдіру мақсатында ҚР премьер-министрінің орынбасары болған Иманғали Тасмағамбетов музейге ұлттық мәртебесін беру, Ахмет Байтұрсынұлы шығармаларының 10 томдығын шығару және деректі фильм түсіру жөнінде тапсырма берді.

Әлеуметтік жағынан аз қамтылған жандарға ЭКСПО-2017 көрмесінің билеттері тегін

Тұрғындардың әлеуметтік аз қамтылған тобына тегін билет тарату мәселесі пысықталды. Олар осынау ауқымды шараға дайындалған көлемді әрі қызықты репертуарды тікелей өздері тамашалап, көру мүмкіндігіне ие бола алады. Экс-премьер-министр осы сұрақты ерекше бақылауға алуды және бұл қаланың және мәдениет министрлігінің аясында өтетін шараларда ескерілуі керек екенін айтқан еді.

Еске салайық, кеше, 3 ақпанда Иманғали Тасмағамбетов премьер-министрдің орынбасары қызметінен босатылып, Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті елшісі болып тағайындалған еді.

Kaz.tengrinews.kz 

Related Articles

  • Путин Қазақстан және Өзбекстанмен әскери келісімдерді қайта қарауға көшті. Бұл оған не үшін керек?

    Путин Қазақстан және Өзбекстанмен әскери келісімдерді қайта қарауға көшті. Бұл оған не үшін керек?

    Камилла ВАЛИЕВА Коллаж авторы — Тимур Тимаев Шілденің аяғында Ресей президенті Владимир Путин Қазақстан және Өзбекстанмен әскери-техникалық ынтымақтастық туралы келісімдерді қайта қарауды тапсырды. Қолданыстағы келісімдерді Мәскеу Астанамен 2013 жылы, ал Ташкентпен 2016 жылы жасаған. Қазір бұл құжаттар қару-жарақ пен әскери техниканы жеткізуді, әскери мақсаттағы өнімдер алмасуды және технологиялар беруді реттейді. Алайда келісімдерде нақты не өзгеруі мүмкін және Ресей оларды дәл қазір неге қайта қарап жатыр? Әзірге Кремльдің Астана және Ташкентпен жасалған әскери-техникалық келісімдердің нақты қай тұстарын қайта қарастырып жатқаны белгісіз. Өзбекстан Қорғаныс министрлігі Азаттық радиосының сауалына жауап бермеді. Ал Қазақстан Қорғаныс министрлігі құжаттар бойынша жұмыс аяқталғанға дейін олардың мазмұнына түсініктеме бермейтінін мәлімдеді. “Шектеулі түрде таратуға жатпайтын ақпарат жұртқа мемлекеттік органдардың ресми ақпараттық

  • Аттыға жол, ауыздыға сөз бермеген Тұрым батыр

    Әр дәуірде халықтың пана тұтар, қормал санар құрметті азаматтары болады, солардың бірі заманы Аттыға жол, ауыздыға сөз бермейтін, батырлығымен халқы жақта тұрып, мынау ортасы мен мекенін қорғау жолында сырт жауға сес болып келген Тұрым батырды туған халқы мәңгі ұматпайды. Тұрым бала күнінен балуандығымен, қамшыгерлігімен аты шыққан, есейіп ат жалын тартып міне көз алартқан жауларының бетін қайтарып көзге түскендіктен «бұл өңірде Тұрым бар» деп сырт жаулар аттап баспайтын болған. Тұрым өмірінің соңында зиратын қазып, қабырын тұрғызып қойып қажылық сапарға аттанып, қайтарында бүгінгі Семей өңірі маңына келгенде тұйықсыз дүние салып, жол жолдастары сүйекте бұзбай Сартеректегі өзі әзірлеп кеткен қабырға жеткізіп, ел, жұртына табыс етіді. Ителі руының бір мұнша атасы Ажы гүң болып

  • ЖАСТАР ҚАЛАСЫНДАҒЫ РУХАНИ КЕШ: АЛМАТЫ АСПАНЫ АБАЙ ӘНДЕРІМЕН КӨМКЕРІЛДІ

    ЖАСТАР ҚАЛАСЫНДАҒЫ РУХАНИ КЕШ: АЛМАТЫ АСПАНЫ АБАЙ ӘНДЕРІМЕН КӨМКЕРІЛДІ

    Әмірболат Құсайынұлы Абай күні қарсаңында Алматы қаласында ашық аспан астындағы сахнада мыңдаған көрермендер Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы» қолдауымен түсірілген Абайдың тұңғыш шығармалар жинағының жарық көру тарихын баяндаған «Алғашқы кітап» атты деректі фильмді тамашалады, деп жазады Muztaumedia.kz. Докудрама жанрындағы бұл деректі фильм қазақтың неше ғасырлық рухани тарихындағы таң қаларлық ұлы оқиға — 1909 жылы Петербор қаласында Ильяс Бораганский баспасынан жарық көрген Абайдың тұңғыш кітабының қилы тағдырын бейнелеген. Фильм жалғыз өзі тұтас бір әлем жасап, шығармашылықпен айналысқан небәрі жиырма жылдың ішінде қазақтың тілін де, көркемдік, этикалық танымын да күрт өзгертіп, бұрын-соңды түрік жұрты жетпеген биікке көтерген Абайдың алғашқы кітабы қалай басылып шықты, Абай көзі тірісінде өзінің

  • «Сен есірке, тыныш ұйықтат, бақ сөзіме!» /АБАЙ/

    «Сен есірке, тыныш ұйықтат, бақ сөзіме!» /АБАЙ/

    Біздің қазақта «малға достың малдан басқа мұңы жоқ» – «малдан боғы ғана бөтен» талай жарымес Абайдың атына неше түрлі сөз айтқан. Оның ішінде саудагер ғана емес, өзін “сөз ұстаған”, “ел ұстаған” санайтындар да болды. Бұларға Абайдың өзі жауап беріп кеткен: «Тыныш ұйықтат, сен есірке, бақ сөзіме!». Ал, анау жігіт «малдың буымен» негізгі ойын дұрыс жеткізе алмаған сияқты. Ол, «Құнекең малын шығындап, Абайды оқытып, жағдай жасамағанда қалай болар еді… Біз де сол Құнекең сияқтымыз…» дегенді айтпақшы болды – ау деймін… Құнекең қайда, сен қайда… «Қуаты күшті нұрлы сөз, Қуатын білген абайлар…» – дейді Абай. Сөздің қуатын білмеген өте қиын, күйіп қалуың мүмкін… Осы арада Британияның Премьер – министрі болған Бенджамин Дизраэлидің

  • Президенттің Бенилюкс гамбиті немен аяқталады?

    Президенттің Бенилюкс гамбиті немен аяқталады?

    Еуропа жүрегінде ашылған гештальт. Президенттің Бенилюкс гамбиті немен аяқталады? Елімізде Алматы халқы жаңа такси ашып, ал Шымкент халқы өзбек көршісімен бірге кешкі матчты тамашалайын деп отырғанда қазақ үмітін арқалаған Airbus моторын дүрілдетіп, Брюссельге ұшып кеткен болатын. Президент Тоқаев геосаяси қақтығыстар, сауда соғыстары, санкциялық қысым мен логистикалық тәуекелдер күшейіп жатқан бұл заманда Қазақстанның инвестиция үшін ең тыныш айлақ екенін тағы бір еске салу үшін бара жатқаны анық. Тура осы сапар алдында Fitch Қазақстанның ВВВ рейтингін растап, мықты аргументті қалтамызға салып жіберді. Брюссель Еуропа капиталының сөресі екенін білеміз. Сол сөреде жатқан миллиард еуро инвестицияға біз қол салғанда, бастысы ешкім “тәйт” демеуі керек. Сондықтан Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Бельгия Премьер-министрі Барт де Вевермен

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: