|  |  |  |  | 

Тарих Тұлғалар Қазақ шежіресі Әдеби әлем

Аттыға жол, ауыздыға сөз бермеген Тұрым батыр

Qazaq jasagiӘр дәуірде халықтың пана тұтар, қормал санар құрметті азаматтары болады, солардың бірі заманы Аттыға жол, ауыздыға сөз бермейтін, батырлығымен халқы жақта тұрып, мынау ортасы мен мекенін қорғау жолында сырт жауға сес болып келген Тұрым батырды туған халқы мәңгі ұматпайды.
Тұрым бала күнінен балуандығымен, қамшыгерлігімен аты шыққан, есейіп ат жалын тартып міне көз алартқан жауларының бетін қайтарып көзге түскендіктен «бұл өңірде Тұрым бар» деп сырт жаулар аттап баспайтын болған.

776324560_4529779660576932_745678563921282761_n

Тұрым батыр

Тұрым өмірінің соңында зиратын қазып, қабырын тұрғызып қойып қажылық сапарға аттанып, қайтарында бүгінгі Семей өңірі маңына келгенде тұйықсыз дүние салып, жол жолдастары сүйекте бұзбай Сартеректегі өзі әзірлеп кеткен қабырға жеткізіп, ел, жұртына табыс етіді.
Ителі руының бір мұнша атасы Ажы гүң болып тұрған кезде Кішкене тау, Маңырақ, Кендірлік, Арқалық, Сайқан, Зайсан, Қаратал, Алқабек, Білезік сияқты жерлерді мекендейді екен… Орыстар қазақ даласына қопарыла еніп отарлай бастағанда қазақтар қарап жатпай қарсылық білдіреді. Тұрым осы жолы Ителіден 350, уақтан 200 түтінді Шыңжанның Алтай өңіріне өткізеді. Сонда Батырбай қажы, Мықия қажы деген ел ақсақалдары Тұрымға ақ ниетпен бата береді. «Халық Тұрымды аттыға жол, жаяуға сөз бермейтін адам» деседі. Осындай даңқы алыс-жақынға тарап жатқан ердің ерлігі моңғолдың Қобықтағы Саруаңның құлағына тиеді. «Ат төбеліндей аз қазақтан Тұрым шықса, іргелі моңғолдан Қорымжап шықпады ма? Алтай, Сауырда Тұрым емес, Қорымжап ғана батыр атанғаны жөн ғой» деп өз батыры Қорымжапты қайрап салып, «сол Тұрымның көзін жой, болмағанда бір мүшесін кем етіп кел» деп жолға салады. Қорымжаптың іздеп шыққанын естіген Тұрым Жалпақты (қазіргі Бурылтоғай ауданы) өрлеп, Үліңгір өзенінің бойында тосқауылдап жүреді.
Қорымжап Тұрымның ауылдан аттанып кеткенін естіп, соңынан қуады. Содан не керек, екі батыр Үліңгір көлінің ортасында мұз үстінде кезігіп қалады. Бірін-бірі сырттай межелеп, аттарын тұмсықтай тоқтатып:
− Ей, жол босат! – деп ақырған Қорымжап:
− Осы жерге Тұрым келіпті,
Менен бұрын келіпті.
Айқасайын деп келдім,
Сонда Тұрым не демекші? – дегенде, аттан қарғып түскен Тұрым Қорымжапты ат үстінен жұлып алып, астына басып отыра қалып:
− Менің атым Тұрым,
Көріп пе едің бұрын.
Неғып жүрсің зұлым,
Меніменен алысқанның,
Барар жері өлім.
Бірақ, мен сені аяйын, не дос, не қас боласың, сені өлтіру ерлікке де жатпас, – деп жанынан пышағын суырып алады да:
− Пайдаланар пырағым,
Келе ме сауға сұрағың.
Өлтірмейін өзіңді,
Маған қажет құлағың, – деп бір құлағын кесіп алып, қоя береді. Осыдан бастап моңғолдар «Қазақта Тұрым бар» деп бұл өңірдегі қазақтарға тізесін батырмайтын болыпты. Тағы бір рет Тұрымның ат-атағын естіген Қобықтың Саруаңы жеті мықты батыр шығарып, «өр Алтайдағы Тұрымның малын қуып келіңдер, егер Тұрым күш көрсетсе, екінші моңғолға беттеместей етіп масқаралап кетіңдер» деп жолға салады.
Саруаңның жеті батыры өрісте жатқан Тұрымның жылқысына тиісіп, жылқыларын қуып кеткен хабары батырға жетеді. Тұрым атына мініп, Жалпақтан қуып жетіп, жетеуін де ұрып түсіріп, темекі тартатын найларын қыздырып, құйрықтарына таңба етіп басып қоя береді. Жеті батыр «Тұрымнан таяқ жеп келдік» десе, өз беттеріне шіркеу екенін ойлап, уаңдарына: «Тұрым осы Қобық өңіріне мал қууға аттанып кетіпті. Жолын көп тосып кезіктіре алмадық. Жол бойындағы Моңғол ауылдары Тұрымнан көрген қорлығын айтып зар илеп отыр, енді еппен келмесек әскері де мол ұқсайды» дейді. Сонан Саруаң Керейдің би-төрелеріне елші жіберіп, Тұрым үстінен арызданып, «тентектеріңді алдыма әкеп беріңдер» деп сәлем айтады. Екі елдің арасын ыдыратпауды ойлаған Керей ұлықтары Тұрымды Сауырға шақыртып, Саруаңды да алдыртады. Сонда Саруаңның: «Елімді зарлатып, малымды шапты» дегенін естіген Тұрым: «Кім-кімнің малын шауып жүр екен, дәлелге жүгінейік. Менің қайдан, қанша мал алғанымды айтып бере аласың ба? Егер айта алмасаң, маған салар айыпты Керей ұлықтары саған салатын болсын, осыған келіселік» депті. Саруаң табанда жеті батырын шақырған екен, Тұрым алдында көлбеттеніп, не дерін білмей күмілжіген жетеуі қара терге малшыныпты. Сонда Тұрым олардың мал қуғанын айта келіп: «өтірік десеңдер жамбастарын ашыңдар» деп бұрынғы най басқан орындарын көрсеткенде, Саруаң еріксіз жеті батырын дүрелеуге бұйырыпты. Керей билері «Саруаңның инабаты бар ғой, айыпты жеті батырға салайық» деп бітім жасаған екен.
* * *
Тұрымның бұл ерліктері тосыннан болмаған, бала күнінде Тұрым адуын күштің иесі, балуан болған екен. Ат жалын тартып, оның Ителі елінің Найман еліне кеткен есесін алып беруімен танылған екен.
Көп елге сөзін өткізе алмай сүлдерсіз қайтқан ауыл ақсақалдарын көрген Тұрым әнші, күйшілері бар ауылдың бір топ жастарын ертіп Найман еліне сауықтай барып, онда ойын-күлкі құрады. Найман болысы ауылына келген жастардың сауықшылдығын көріп, өз ауылындағы жастарды қосып серуендеуге шығады. Осы орайды «сәт» деп білген Тұрым тобыр азаматтың бірі атын, бірі қосын мақтап келе жатып, ақыры сынап көрмекке бір тобы шаба жөнелгенде Тұрым болысты атынан аударып жіберіп, астындағы қарагер атын жетегіне алады. Бірақ, Тұрымның қашуына үлгертпей қоршай кеткенде, Тұрым шылбырдың ұшына сілебесін байлап жіберіп, шырайландырып маңына адам жолатпай, ақыры қаракерді алып кетеді. Сөйтіп, қаракер үшін Найман болысы өзі алдына келіп, дауды шешуге мәжбүр болады.
Бұл Тұрымның ең алғаш рет ерлік көрсетіп, еліне ара түсуі еді. Тұрымның мұндай ерліктері мол. Қолыма түскен:
Сұрасаң арғы атам Қызан, Тұрым,
Көргемін жоқ Абақты бұдан бұрын.
Түбінде тас босаға жатпас едім,
Бұрынғы тірі болса батыр Тұрым – деген өлең жолына қарағанда, елім деген ердің ерлігін сағынатын адал жүректер қаншама. Басына күн туып, бақытсыздыққа тап болғандардың осы бір шумақ өлең-ақ әйгілеп тұрғандай сезіледі.
* * *
Тұрым қартайған кезінде «енді Құдайға құлшылық етейін» деп қажыға барады. Қажыға барардың алдында ұл-қыздарын, туыстарын жиып алып: «Мен қажыға кетем, бірақ тірі келмеймін, сүйегім келеді, сүйегімді осы Сартерекке (бүгін ел «Тұрым Сәртерегі» дейді) күмбез тұрғызып жерлеңдер» дейді. Айтқандай жыл уағында Тұрымның қажыдан сүйегі келеді. Ұрпақтары әкелерінің өсиеті бойынша күмбез тұрғызып жерлеген.
Ескерту:
Тұрым жерленген мекен «Тұрымның сартерегі» деп аталып кетті. Ұліңгір өзінінің бойында тұрғатын бұл қабыры мұнда түскен суқойма суы кейініне теуіп, қабырды шәйіп кететін қауып төндіргендіктен батырдың үрім жұрағаттары қабырды ежелгі отынынан көшіруге мәжбүр болды.
Шығарманың толық нұсқасын FFCEBOOK парақшадан оқыңыз.

Related Articles

  • «Сен есірке, тыныш ұйықтат, бақ сөзіме!» /АБАЙ/

    «Сен есірке, тыныш ұйықтат, бақ сөзіме!» /АБАЙ/

    Біздің қазақта «малға достың малдан басқа мұңы жоқ» – «малдан боғы ғана бөтен» талай жарымес Абайдың атына неше түрлі сөз айтқан. Оның ішінде саудагер ғана емес, өзін “сөз ұстаған”, “ел ұстаған” санайтындар да болды. Бұларға Абайдың өзі жауап беріп кеткен: «Тыныш ұйықтат, сен есірке, бақ сөзіме!». Ал, анау жігіт «малдың буымен» негізгі ойын дұрыс жеткізе алмаған сияқты. Ол, «Құнекең малын шығындап, Абайды оқытып, жағдай жасамағанда қалай болар еді… Біз де сол Құнекең сияқтымыз…» дегенді айтпақшы болды – ау деймін… Құнекең қайда, сен қайда… «Қуаты күшті нұрлы сөз, Қуатын білген абайлар…» – дейді Абай. Сөздің қуатын білмеген өте қиын, күйіп қалуың мүмкін… Осы арада Британияның Премьер – министрі болған Бенджамин Дизраэлидің

  • Тибет асқан көш не себепті басталды?

    Тибет асқан көш не себепті басталды?

    1883-жылы Алтайдан Жамысбай бастаған қазақтар алғаш рет Баркөл жеріне көшіп барды, 1887-1891-1895 жылдары тағыда көшіп келгендер болды. онан кейінде көшіп келгендер болды, мысалы 1912-1913 жылдары, 1920 жылдары, 1924-1929 жылы келгенлер болды, олардың дені Алтайдан болатын. 1912 жылдан кейін манжу билігі құлап қытай билігі орнады, 1928 жылы билікке келген Жин Шурын Алтай төресі Қасымқан ұлы Шәріпқанды, Тарбағатай төресінің ұлы Қызырды, Баркөл қазақ үкірдайы Әліптің ұлы Елісқанды Үрімжіде оқытты, Елісқан заманауй Әскери білім алды, қытай тілін үйренді. Оны 200 адамдық қарулы қазаққа басшы етіп оны «Шығыс Шыңжаң шегара қорғаныс отрияды» деп атады. 1931 жылы Құмыл ұйғырлары Қожанияздың бастауында көтеріліс жасады. Оқиға Бір қытай әскер басының бір ұйғыр қызды зорлықпен әйел етіп алмақ

  • Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі

    Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі

    Жеке архивімнен табылған құнды мұрағат «Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі) Бұл өлеңді 1980 – жылы Өр Алтайдың Көктоғай ауданына қарасты Дүре ауылында 61 жастағы Қауан Орынбасарұлы деген ақсақал айтқанынан жеке архивімде сақталып қалғанынан тауып оқырманмен бөлісіп отырмын. Ай, құдай – ау, аққа жақ, Өзіңі аян мен нақақ. Ақиқат деген жолыңнын, Абыройыңды ашпа хақ. Аятбенен қадысқа, Алла ниет ақ іске. Жан алмасам жоқ еді-ау, Жаза тартсын деген бақ. Мені соттап байлатып, Зығырданды қайнатып. Масайрасын мәз болып, Қинағанды өзің тап Жақын жерден жау шығып, Мақүл істен дау шығып. Дұшпан үстап қолымнан, Иттер тістеп тонымнан. Жаман тосу болған шақ, Түтқын болып тарығып, Жалғыз жатып зарығып, Ашу қысып ойды алып, Дерт жәйіліп бойды

  • Ғалым Боқаш мерейлі 50 жаста

    Ғалым Боқаш мерейлі 50 жаста

    Altyn Magauina Бүгін Атамыздың ең жақын шәкірттерінің бірі, біздің бауырымыз, қазақтың мақтан тұтатын жастарының бірі Ғалым Боқаш мерейлі 50 жасқа толып отыр. Біз үшін бұл күн – жай ғана Ғалымның туған күн емес, бұл – оның жарты ғасырлық өнегелі өмір жолының, адал еңбегінің, биік парасат пен адамгершілігінің мерекесі. Біз Ғалымды тек терең білімі үшін емес, үлкен жүрегі үшін қадірлейміз. Ғалымның әлемнің ең беделді оқу орындарының бірі – Оксфорд университетінде білім алып, “Азаттық радиосында жемісті еңбек етіп, бүгінде Америка Құрама Штаттарының мемлекеттік қызметінде абыройлы жұмыс атқарып жүргені оның табандылығының, білімге құштарлығының және еңбекқорлығының айқын көрінісі. Алайда адамның шынайы бағасы оның қызметімен немесе жеткен жетістіктерімен ғана өлшенбесе керек. Адамның қадірі оның жүрегінде,

  • Қазақ этногенезінің дағдарысы һам жаңа концепция

    Қазақ этногенезінің дағдарысы һам жаңа концепция

    Арма ағайын! Шағын сараптама Бірінші, қазақ этногенезінің дағдарысы келе жатыр. Дағдарысқа қарсы қазақ этногенезінің жаңа концепциясының жасалмауы алаңдатады. Біз қазір 18 ғасырлардағы қазақ хан-сұлтандары қабылдаған этногенездік концепциясымен әлі өмір сүріп келе жатырмыз. Одан кейінгі үш ғасырда колонизациялық кіріптарлық этногенездік жаңа концепцияны қабылдауға һәм трансформациялауға мұрсат бермеді. Қолданыстағы қазақ шежіресін ашып қараңыз, рулар шежіресінің концепциясы 18 ғасырларда қабылданған мизамға сәйкес келеді. Тіпті шежіредегі аталық рулар сол ғасырдағы қандайда бір тарихи тұлғадан (батырдан) бастау алады немесе шежіредегі аты аталатын рулар 18- ғасырға барып тоқтайды, ары қарай үзік-үзік. Бұл 18- ғасырдағы жаугершілік заманның талабына сай сұрыпталған қазақ этногенезінің көрінісі еді. Яғни қазақ шежіресінің концепциясы қазақ этногенезінің моделін қалыптады. Екінші, саяси және мәдени шешімдердің

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: