Руханият Тарих Шоу-бизнис Әдеби әлем
Жеке архивімнен табылған құнды мұрағат
«Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі)
Бұл өлеңді 1980 – жылы Өр Алтайдың Көктоғай ауданына қарасты Дүре ауылында 61 жастағы Қауан Орынбасарұлы деген ақсақал айтқанынан жеке архивімде сақталып қалғанынан тауып оқырманмен бөлісіп отырмын.
Ай, құдай – ау, аққа жақ,
Өзіңі аян мен нақақ.
Ақиқат деген жолыңнын,
Абыройыңды ашпа хақ.
Аятбенен қадысқа,
Алла ниет ақ іске.
Жан алмасам жоқ еді-ау,
Жаза тартсын деген бақ.
Мені соттап байлатып,
Зығырданды қайнатып.
Масайрасын мәз болып,
Қинағанды өзің тап
Жақын жерден жау шығып,
Мақүл істен дау шығып.
Дұшпан үстап қолымнан,
Иттер тістеп тонымнан.
Жаман тосу болған шақ,
Түтқын болып тарығып,
Жалғыз жатып зарығып,
Ашу қысып ойды алып,
Дерт жәйіліп бойды алып,
Шер жүрекке толған шақ.
Қатты айт – деп кекемей,
Сиынғанды тектемей.
Он екі имам әулие,
Жиырма сегіз әулие қолдай – гөр,
Оңай – көр аруақ,
Қарт балуаным Жәнібек,
Қаз дауысты Қазыбек,
Жетім қалған халқыңа,
Тоқтау болып артына
Кім тиянақ қазық ет!.
Кұнсыз болып еріміз,
Елсіз қалып жеріміз.
Мал мекені дей алмай,
Жан мекені дей алмай,
Итпен қүсқа азық ет,
Мүны көріп көзіміз,
Бірігер деп сөзіміз.
Кең болар деп бастықты,
Көл болат деп шалқытты.
Бір үмітпен жазып ел,
Дәреті жоқ аяқтар,
Қорсылдаған саяқтар,
Болама деп қасында,
Қасиеті басында,
Дегеніміз болмаса,
Қазаққа не жазып ед.
Байландырған қолымды,
Бөгелдірген жолымды.
Жақыным бар, жатым бар,
Хабарлана жатыңдар.
Мен сендерге жүгіндім,
Төресі қадыл қазы деп.
Жаннан көңіл қалып тұр,
Жан бір күйге салып тұр.
Тәннен көңіл қалып тұр,
Тән шыдамай арып тұр,
Жұрттан көңіл қалып тұр,
Жұрт жалғанға нанып тұр.
1980 – жылы К.А. Дүре ауылында 61 жастағы Қауан Орынбасарұлының айтуында дыбысқа алыны, көшірілді.
Ел ішінен жйнаған: Байахымет Жұмабайұлы

Пікір қалдыру