|  |  |  | 

kerey.kz TV Тарих Тұлғалар

Қазақ Сібір хандығына – 800 жыл!

 

 

 

Соңғы жылдары жарық көрген ғылыми еңбектер де Қазақ хандыгының тарихы бір жақты көрсетіліп жүр. алғашқы Қазақ хандығымен соғысқан көрші елдер халқымыздың бітіспес жауы ретінде баяндалады. Солардың бірі – Сібір хандығы.

Ғасырлар бойы Қазақ Хандыгының теріскей жағында жатқан қазақ тайпалары Сібір хандыгының құрамында ғұмыр кешкені белгілі. Бүгінде Ноғай ордасы мен Сібір хандыгын Ресей ғалымдары меншіктеп алып жүр. Ал қазіргі қазақ елінің құрамына кіретін керей тайпасының сол заманда өз хандығы болған.

Керей хандарының ғасырдан ғасырға созылған ежелгі әулеті Оң ханмен, Сәнгүнмен бітпейді. Әрқилы тарихи жағдай, әртүрлі кейіпте одан әрі жалғасқан.
Оң ханның «Жинақты тауарих» пен «Қастерлі шежіреде» арнайы аталмайтын ұлдарының бірі, кей деректерде, немересі Тайбұға (Тай-Бұқа) азды-көпті жасағымен, Тұрғақтарымен, Батыс өлкеге қарай көшіп, Ібір-Сібірден бір-ақ шығады. Ертістің етегі, Есіл мен Тобыл аңғарын жайлаған жергілікті түрік нәсілді, фин-угор текті ру-тайпаларды бағынышқа түсіріп, Сібір хандығын негіздепті.

Тайбұғы Сібір хандығын 1220 жылы құрды. Бастапқыда Ишим Тобыл Тұра Ертіс өзендерінің ортасында. Кейін Обь өзені және әрі қарай Естек, Вогул деген тайпаларды жаулап алып мекенін үлкейтті. Шыңғысқан Тайбұғыны әкесінің құрметі үшін, Тұғырыл ханның көзі ретінде қолдау көрсеткен, және өз балаларымен бірдей санаған, яғни еншісіне Сібір хандығын қалдырған.
Сібірдегі керей, найман, қыпшақ, қоңырат, тұралы, бараба руларына арқа сүйеген тайбұғалыктар ханты мен манси тайпаларын қол астына бағындырады.
Енді Оң ханың ұрпақтары Алтын Орда дәуірінің ұзына бойында байтақ Сібірде билік құрады. Екі ғасырдан астам ұзақ заман. Алтын Орданың ыдырау кезеңінде Жошы-Шибан нәсілімен тайталас басталады. Әуелде Шибан әулеті жеңіске жетеді, одан соң Тайбұға тұқымы қайтадан орнайды, одан соң тағы да аударыспақ; бұл қырқыстың ең соңғы өкілдері – Көшім хан мен Сейдақ хан болды. 1582 жылы ғана Сібір ханы Сейдак, Тайбұғы ұрпағы Тәуекел Қазақ ханымен Одақтық келісімге қол қойды. Аманатқа Ораз Мұхамедті, Тәуекелдің ағасының ұлын
алды. Қараушысы болып Қыдырали Жалаири тағайындалды.
Оның Қазақ хандығымен одақтық келісімге отыруы Сібірде Көшім ханды жеңіп, Іскер, Қышлық қалаларын Ермектан Тайбұғы жұртына қайтару үшін Сейдак шайқасқа аттанды. Сейдак хан Ермакты жеңіп Сібір хандығын қайтырып алды. 1588 жылға дейін хан болып отырды.
Сібір хандығының Орыс патшалығына айтарлықтай қарсылық көрсете алмай, тезінен құлауының бір себебі екі әулеттің елді тоздырған жүз жылдық күресі болатын. Көшімнің ғұмыр кешуі белгілі. 1598 жылы түнекке батты. Ал Оң ханның ұрпағы Сейдақ хан одан он жыл бұрын, Тобыл қамалында, аяр опасыздық нәтижесінде, қазақ сұлтаны Ораз-Мұхамедпен бірге тұтқынға түсіп, Мәскеуге жеткізілген.
Сібір хандығы Тобыл мен Жайықтың жоғарғы ағысы арасын қамтыған. Ахмет Керей және Кешім Бұхар және қазақ сұлтандарымен тығыз байланыста болған.
Ахмет Керей есіміне байланысты ескерте кететін бір жай, есімнің екінші бөлігі «керей» трибонимімен сай келуі бекерден бекер емес. Ресейлік шығыстанушы В.В. Бартольд Қырым сұлтаны Қажы Керейдің екінші есімі жоғарыда келтірілген әулеттің ханзадаларының аталықтарының руы керей болғандығын растайды . Олай болса Ахмет Керейдің аталығы Қазақстанның солтүстігінде көп тұратын керей руынан шықты деген қорытынды жасауға болады.
1571 жылы Сібір мен Мәскеу арасында қарым-қатынас ушыға бастайды. Мәскеуді қырымдықтар өртке орағаннан кейін орыс мемлекетін әлсіз деп санаған Кешім Оралдағы антиресейлік кеңіл күйге қолдау көрсетіп, күшін черемис, остяк пен башқұрт кетерілістеріне бағыттайды.
Қалмақ немесе ойрат тайпалары XVI ғасырдың аяғында Ертіс өзенінің жоғарғы жағында көшіп жүрді, ал, олардың бір бөлігі қазақ ханы Тәуекелге бағынған.
Тайбұға негізін қалаған Сібір хандығына келесі жылы 800 жыл толады. Хандары мен халқы Қазақ халқының негізін қалаған ру-тайпалар құралған Сібір хандығы Азияның саяси картасынан жоғалып кетті.
Ұрпақтары қазіргі қазақ жерінде тұрып жатыр, Тайбұғының ошағы күні бүгін сөнген жоқ, Ақмола облысы, Көкшетау, Бурабай, Біржан Сал ауданында, Степногорск қаласында, Ақсу ауылында, Щучинск қаласында тұрып жатыр.

Дайындаған  Жұмабай Мәдібайұлы

kerey.kz

Related Articles

  • КЕНЕСАРЫ ХАНҒА ТАҒЗЫМ

    Жүз елу жыл! Биыл Кенесары ханның шәйіт болғанына бір жүз елу жыл толды. Кенесары ғана емес. Наурызбай бахадұр сұлтан, Ержан сұлтан, Құдайменде сұлтан. Қыпшақ Иман батыр, Тама Құрман батыр, Дулат Бұғыбай батыр, Дулат Жауғаш батыр, Дулат Медеу би, қылыштың жүзі, найзаның сүңгісі болған тағы қаншама азамат. Қазақ Ордасының ең соңғы жарақты жасағында қалған үш мыңнан астам аламан. Бәрі де шәйіт болды.Кенесары ханның, оның ең соңғы жауынгер серіктерінің қасиетті қаны шашылған ақырғы сағатта төрт ғасыр бойы төре таңбалы қызыл туы желбіреген ұлы мемлекет Қазақ Ордасы шайқалып барып құлады. Алаш баласы сонау Үйсін, Ғұн, Түрік заманынан тартылған, Алтын Ордаға жалғасқан, Қазақ Ордасына ұласқан, Орталық Азия төсінде жиырма ғасырдан астам, ғаламат ұзақ уақыт

  • Тарихшы: Батыс Сібір – байырғы қазақ жері. Көшім хан – ұлттық батырымыз! 

    Абылай МАУДАНОВ Қостанайлық ғалым Сібір жерін орыс патшалығынан бұрын қазақ рулары игергенін кітап қылып бастырмақ, деп хабарлайды Express Qazaqstan. Тарих ғылымдарының докторы Аманжол Күзембайұлының есімі ғылыми ортада кеңінен танымал. Ол үнемі “Тәуелсіз ел өз тарихын өзіндік көзқарасы тұрғынан қарап, талдап, баға беру керек” деген ұстанымды айтып келеді. Қостанайлық тарихшы бірнеше жыл бұрын үлкен бір жобаны қолға алды. Бүгінде ол ұлы Еркін Әбілмен бірге “Алтын Орданың Батыс Сібір ұлысы: этно-саяси тарихы” атты еңбек жазып жатыр. Бұл кітап алдағы жылы (орыс тілінде) жарық көрмек. Мұнда қазіргі Қазақстанның шекарасынан тыс қалған байырғы қазақ жері мен руларының көптеген тарихы қамтылады.Express Qazaqstan тілшісі ғалымды осы тақырыпта сөзге тартып, әңгімелескен еді. Батыс Сібір — біздің байырғы

  • НКВД атқан ҚАЗАҚТЫҢ ҚАЙСАР ҚЫЗЫ

    Сталиндік репрессия жылдарында Алаш қайраткерлерімен бірге атылған қазақтың қайсар қызы Шахзада Шонанова атылған қазақтың үш қызының бірі. НКВД жендеттерін Шахзаданың шыққан тегі шошытты, сондықтан айуандықпен әбден азаптап болғасын атып тастады. Сонымен Шахзада Шонанова кім ? Шахзада Аронқызы Шонанова-Қаратаева 1903 жылы Батыс Қазақстан облысы Сырым (Жымпиты) ауданында дүниеге келді. Әкесі Арон Қаратаев, алаш қайраткері, Ресей Думасына депутат болып сайланған Бақытжан Қаратаевтың інісі. Шахзаданың өзі Шыңғысханныі тікелей ұрпағы еді. Шахзаданың тегі былай: Шыңғысхан-Жошыхан-Тоқай Темір-Өз Темір-Өз Темір хожа Бадақұл ұғылан-Орысхан-Құйыршық хан-Барақ хан-Жәнібек хан-Өсік сұлтан-Қаратай сұлтан-Бисәлі-Дәулетжан-Арон-Шахзада. Шахзаданың анасының да тегі мықты, Бөкей ордасының ханы Жәңгірдің немересі Хұсни-Жамал Нұралыханова. Қазақтан шыққан тұңғыш жоғары білімді мұғалима 1894 жылы Бөкей ордасында қазақ қыздарына арналған алғашқы мектеп ашты,

  • БАЙБАТЫРҰЛЫ ЫҚЫМ.

          Байбатырұлы Ықым Алматы облысы ( 1940-жылға дейін Шұбартау Алматы облысына қараған) Шұбартау ауданы, Қосағаш ауылында 1876 -жылы қой төлдеген уақытта ауқатты отбасында дүниеге келеді. Жастайынан өзінің  пысықтығы мен әкесі Байбатырдың қолдауымен Шұбартау өңіріне танымал Нақысқожадан арабша, кейіннен латынша оқып хат таниды. Көптеген шығыстың хисса- жырларын оқып жатқа айтатын. Өзінің парасаты мен білімділігінің арқасы шығар ол Семей облысы, Шұбартау ауданы, Мадениет ауылдық округі, Бақанас өзенінің бойына (Ақүшкел аталған) 1923-жылы  Тойғарин Бейсенбаймен бірігіп, алғашқы мектеп салдырады.  Ынтасы бар ауыл балаларын Ташкенткке апарып оқу орындарына орналастырады. Солардың бірі – Ибраев  Кәрімді  Ташкентке апарып САГУ-дің (Среднеазиатский государственый университет) медицина факультетіне түсіреді. Ауыл тұрғындарына қамқорлық көрсетіп, еңбекке тартып, отырықшылық өмірге бейімдеуге септігін тигізеді. Егістік жерлерді суғару үшін

  • ҚҰНАНБАЙДЫҢ САПАРҒА АТТАНАР АЛДЫНДА ҰЛЖАНҒА АЙТҚАНЫ:

    Бәйбіше, үй серігім ғана емес, өмір серігім едің. Ұзақ кешкен тірлікте қай белдің астында жүрсем де, артымда отырған бір бел өзің едің. Өзіме тағдыр бақ берген жанмын деуші ем. Айтыспасақ та, жер танытып отыратын қабақ пен жүрек бар еді, соған сенуші ем де, кейде шәлкес, кейде қия да басып кете беруші ем. Бағыма масайып еркелегенім болса керек. Енді қай дөңнің басында қалармыз, кім біледі. Сенің айтар кінәң болса да, менің саған артар бір түйірдей назым жоқ. Адал жүрек, ақ бейілің үшін балаларыңның бағы ашылсын. Мен айтарды өзің айтыпсың. Менің арманымды өз арманың етіпсің. – деді Бұл – жүрер алдындағы Құнанбайдың Ұл­жанға айтқан сөзі. Қалың туыс, үйірлі ағайын, шоғырлы бала-шаға, дос-жаран,

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: