Ресейдің атақты заңгері Фёдор Плеваконың анасы Алма (Өлмесек) Алдарқызы туралы
Ресейдің белгілі заңгері Фёдор Плевако Орта жүз қазақтарының Қарабалық қыпшақтары жерінде Алаш жұрты Мұнанай не Мағынай деген атаумен белгілі қазіргі Ресейдің Челябі облысының Троицк қаласында дүниеге келген. Қала қазақ шекарасынан 6 шақырым қашықтықта ғана тұр. Бірақ, тақырып қала туралы емес, тіпті, Фёдор Плевако жөнінде де емес, өзгенің тұтқынына түсіп, жастайынан қиыншылық көрген қазақ қызы Алма (Өлмесек) Алдарқызы туралы болмақ. Алма Алдарқызы Торғай облысы Қостанай үйезінің Шұбар болысының 7-ші ауылында дүниеге келген деп есептеледі, әкесі Алдар бай һәм батыр болған кісі деседі. Еміс-еміс есінде қалған өз өмірі туралы Алма қартайған шағында былай деп айтады екен: «Біз киіз үйде тұрған едік, Троицкіге жақын маңда өмір сүрдік. Әке-шешем бақуатты адамдар болатын, киіз үйіміздің