Нұралы батыр 1730 –1794
( аңыз бен ақиқат) Бүгінгі Тәуелсіз еліміздің ұлан-ғайыр жерін көздің қарашығындай сақтап қалу жолында жан аямай күрескен, қазақ батырларының ерліктері жөніндегі аңыз-дастандар ұрапқтан ұрпаққа жетіп, ұлтымыздың рухын сақтап қалуға айтарлықтай үлес қосқаны баршамызға аян. Қазақ халқын жер бетінен жойып жіберуді аңсаған ұлы империялар жымысқы саясатын жанталаса құйтырқы айла амалмен қолданса да, ұлт көсемдері мен батырлары арқасында аман қалды. Бүгінгі Тәуелсіздігімізді одан әрі баянды етіп қана қоймай әлемдегі озық елдер денгейіне көтеріліп, нағыз «ұлы дала елі» атануымыз үшін кешегі өткен тарихты кеңінен толғау ауадай қажет. Бұл бағытта көптеген тарихшыларымыз бен тарихи деректерді
