|  |  |  | 

Жаһан жаңалықтары Саясат Тұлғалар

Зеленскийдің “жалғыз сенері әрі оң қолы”. Андрей Ермак кім?


Андрей Ермак (сол жақта) пен Украина президенті Владимир Зеленский (оң жақта). 2019 жыл.

Андрей Ермак (сол жақта) пен Украина президенті Владимир Зеленский (оң жақта). 2019 жыл.

Андрей Ермак ұшақтан түсе сала өзінің бастығын құшақтады.

2019 жылы қыркүйекте президент Зеленскиймен жылы жүздесу жаңадан басталып келе жатқан саяси серіктестіктің басы еді. Бұл – Ермактың Ресей түрмесінде отырған 35 украиналықты Мәскеуден алып келген сәті.

Ал 2020 жылы Ермак Зеленский әкімшілігінің басшысы болды. Бірақ Украинадағы жемқорлық шуынан кейін оның қызметіне жұрттың назары ауды.

Себебі Ермак Украина энергетикалық инфрақұрылымына бөлінген қаржы жымқырылған коррупция схемасында негізгі рөлде болған деген ақпарат тараған. Бірақ тергеушілер бұл жайттың жай-жапсарын толық ашқан жоқ. Ермактың өзі Азаттықтың Украина қызметінің ресми сауалдарына жауап берген жоқ.

Сонымен Зеленскийдің кеңсесін басқарып отырған Ермак кім?

ТЕЛЕВИДЕНИЕДЕН САЯСАТҚА

Зеленский саясатқа келмей тұрып-ақ Ермакпен етене жақын еді.

Мәселен, Ермак Зеленскийдің “Слуга народа” әзіл шоуын шығарумен айналысқан “Квартал 95″ студиясына заңгерлік қызмет көрсеткен заң компаниясын басқарған. Ал Зеленский “Слуга народа” шоуында президенттің рөлін сомдап жұртқа танылған еді.

“Олардың қарым-қатынасы шамамен 2010 жылдары басталған” дейді АҚШ-тағы Маршалл неміс қорының ғылыми қызметкері Елена Прокопенко Азаттыққа. “Зеленский Ермакқа сенетіндей басқа адамға сенбейді. Ермак – Украинаның саяси өміріндегі жалғыз сенетін адамы және сенімді серігі”.

Ермак Мәскеуден тұтқындарды алып келген сәт. 2019 жылдың қыркүйегі.

Ермак Мәскеуден тұтқындарды алып келген сәт. 2019 жылдың қыркүйегі.

Бұл сенім кейін Ермактың саясатқа келуіне әсер етті. Ол 2019 жылы Зеленский президент болып сайланған соң сыртқы саясат бойынша кеңесшісі болып тағайындалды.

Дәл осы қызметте Ермак 2014 жылдан бастап Украинаның шығысындағы қақтығыстарда Ресеймен тұтқын алмасу бойынша келіссөздер жүргізді. Ол Зеленскийдің Вашингтонмен байланыста да басты адамы болды. АҚШ-та импичмент ісі бойынша тыңдауда Ермактың президент Дональд Трамптың адвокаты Руди Джулианимен байланысы болғанына дәлелдер шыққан.

“Біз АҚШ-ты дос әрі стратегиялық серіктес деп қарастырамыз. Онда болып жатқан жағдай – олардың ішкі ісі. Бұл істе біздің ешқандай рөліміз жоқ” деген еді сол кезде Ермак.

Ал 2020 жылы ақпанда Зеленский Ермакты президент кеңсесінің басшысы етіп тағайындады. Сол кезде ол “Настоящее время” телеарнасына “Украинаның шығысындағы қақтығысқа көп назар аударатынын” айтқан.

“Президент үшін және президент әкімшілігі үшін басты мақсат – Донбасстағы соғысты тоқтату” деп мәлімдеген еді сол кезде ол.

ТАҚТЫҢ ТАСАСЫНДАҒЫ КҮШ

Бірақ сыншылар Ермактың рөлі күшейіп, ол президент әкімшілігін қазіргі биліктің ықпалын арттыруға пайдалады деп санайды. Тіпті Ермактың ықпалы қатты сезілгені сонша украиналықтар арасында “шетелдік инвесторлар мен саясаткерлер Киевке Зеленскиймен кездесуге келеді, ал Зеленский оларға Ермакты таныстырады” деген әзіл де айтыла бастады.

“Ол елдегі маңызды шешімдердің барлығына әсер етеді. Ермакты елде президенттен кейінгі екінші адам деуге болады” деген еді 2021 жылы шілдеде Украинаның экс-премьері Алексей Гончарук Азаттыққа берген сұхбатында.

Украинада Ермакты “сыртқы сайтқа, шенеуніктерді тағайындауға әсер етті, Зеленскийге “өтердегі қақпақ болды” деп айыптайтындар бар. Бұл сын әлі де жалғасып келеді.

“Олар елді билеп отыр, солар күштік құрылымдарды жиынға шақырады. Бүкіл халық қазір мемлекетті кім басқарып отырғанын біледі” деген еді оппозициялық депутат Ирина Герещенко Азаттықтың Украина қызметіне 19 қарашада.

Зеленский мен Ермак Түркиядағы сапарда. 19 қараша 2025 жыл.

Зеленский мен Ермак Түркиядағы сапарда. 19 қараша 2025 жыл.

2022 жылы ақпанда Ресей Украинаға басып кіргенде Ермак Зеленскиймен Киевте қалғандардың қатарында болған. Сол кезде АҚШ Зеленскийге елден кетуді ұсынғаны айтылады.

Ал соғыстың бірінші күні Зеленский селфи-видео жариялап, “ешқайда кетпедік, осындамыз” деген еді. Сол кезде Ермак басшысының сол жағында тұрған.

Америкалық журналист Саймон Шустер 2024 жылы жариялаған “Шоумен” кітабында “Ермак пен Зеленский соғыстын алғашқы сағаттарында бір-бірінің жанында болғанын”, “стрестен арылу үшін кешкісін шарап ішкенін” жазады.

“Олар сиам егіздердей, екеуі бес жыл бірге жұмыс істегенде бір бүтінге айналды” дейді Киевтегі “Пента” саяси зерттеу институтының жетекшісі Владимир Фесенко Азаттыққа.

Ермак Ресейдің басқыншылық соғысы жалғасып жатқан тұста сыртқы саясатта да маңызды рөлге ие болып, көптеген дипломатиялық кездесулерге қатысып жүр.

Бірақ қазір Украинада шу туғызған “Энергоатом” айналасындағы жемқорлық дауында Ермактың да аты атала бастады. Бұл шудан соң Украинада әділет министрі және энергетика министрі қызметтен кетті. Ал Зеленскийдің “Квартал 95″ студиясындағы серіктесі болған Тимур Миндич елден қашты. Жемқорлық шуына байланысты қазір бес күдікті қамауда я үйқамақта.

АЛИ БАБА

Қарашаның ортасында Украинаның жемқорлыққа қарсы ұлттық бюросы (НАБУ) энергетика саласындағы жемқорлық жоспары талқыланған аудиожазбаларды жариялады. Бұл аудиодағы адамдар бір-бірін лақап аттармен атайды.

Украина депутаттары аудиолардағы “Али Баба” деген адам Ермак деп күдіктенген. Мәселен, депутат Ярослав Железняк “аудиода Ермак НАБУ қызметкерлерін тергеу туралы бұйрық береді” дейді.

Украинадағы жемқорлық шуы. Не болып жатыр?

НАБУ “Али Бабаның” кім екеніне қатысты ештеңе айтпады. Бірақ депутаттардың күдігінен соң елде Ермакты отставкаға кетіру талабы күшейді.

“Зеленскийдің Ермакқа берген өкілеті дәл осы жемқорлық схемасын жүзеге асыруға мүмкіндік жасағанын бәрі түсінеді” дейді Украинадағы жемқорлық мәселесін көтеріп жүрген белсенді Олег Рыбачук Азаттыққа.

Виктор Ющенко президент болып тұрған тұста президент кеңсесін (2005-2006 жылдары) басқарған Рыбачук “Ол өзін президенттің шын досымын, ол үшін өмірім мен саяси карьерамды құрбан етуге дайынмын дейді. Шынымен солай болса отставкаға кету керегін неге түсінбейді?” дейді.

Бұған қоса, Зеленскийдің “екеуміз бірге келдік және бірге кетеміз” деген сөзі де олардың өте жақын екеніне тағы бір дәлел.

Ал Ермактың жемқорлық дауына ілінуі Зеленскийге де көлеңке түсірді.

“Зеленский үшін Ермактың оставкаға кетуі оң қолын кесіп тастаумен тең. Егер Ермак орнынан қуылса оппозицияның келесі нысанасы Зеленскийдің өзі болмақ” дейді саясаттанушы Фесенко.

Азат Еуропа / Азаттық радиосы

Related Articles

  • Аттыға жол, ауыздыға сөз бермеген Тұрым батыр

    Әр дәуірде халықтың пана тұтар, қормал санар құрметті азаматтары болады, солардың бірі заманы Аттыға жол, ауыздыға сөз бермейтін, батырлығымен халқы жақта тұрып, мынау ортасы мен мекенін қорғау жолында сырт жауға сес болып келген Тұрым батырды туған халқы мәңгі ұматпайды. Тұрым бала күнінен балуандығымен, қамшыгерлігімен аты шыққан, есейіп ат жалын тартып міне көз алартқан жауларының бетін қайтарып көзге түскендіктен «бұл өңірде Тұрым бар» деп сырт жаулар аттап баспайтын болған. Тұрым өмірінің соңында зиратын қазып, қабырын тұрғызып қойып қажылық сапарға аттанып, қайтарында бүгінгі Семей өңірі маңына келгенде тұйықсыз дүние салып, жол жолдастары сүйекте бұзбай Сартеректегі өзі әзірлеп кеткен қабырға жеткізіп, ел, жұртына табыс етіді. Ителі руының бір мұнша атасы Ажы гүң болып

  • «Сен есірке, тыныш ұйықтат, бақ сөзіме!» /АБАЙ/

    «Сен есірке, тыныш ұйықтат, бақ сөзіме!» /АБАЙ/

    Біздің қазақта «малға достың малдан басқа мұңы жоқ» – «малдан боғы ғана бөтен» талай жарымес Абайдың атына неше түрлі сөз айтқан. Оның ішінде саудагер ғана емес, өзін “сөз ұстаған”, “ел ұстаған” санайтындар да болды. Бұларға Абайдың өзі жауап беріп кеткен: «Тыныш ұйықтат, сен есірке, бақ сөзіме!». Ал, анау жігіт «малдың буымен» негізгі ойын дұрыс жеткізе алмаған сияқты. Ол, «Құнекең малын шығындап, Абайды оқытып, жағдай жасамағанда қалай болар еді… Біз де сол Құнекең сияқтымыз…» дегенді айтпақшы болды – ау деймін… Құнекең қайда, сен қайда… «Қуаты күшті нұрлы сөз, Қуатын білген абайлар…» – дейді Абай. Сөздің қуатын білмеген өте қиын, күйіп қалуың мүмкін… Осы арада Британияның Премьер – министрі болған Бенджамин Дизраэлидің

  • Математик Henry Cohn 12 өлшемде 841 kissing arrangement табылғанын растады.

    Математик Henry Cohn 12 өлшемде 841 kissing arrangement табылғанын растады.

    NU математика тобы үшін ғана емес, жалпы әлемдік математика қауымдастығында маңызды жаңалық. Әріптестеріміз 12 өлшемді евклидтік кеңістіктегі kissing number үшін жаңа төменгі шекара тапты. Бұған дейінгі төменгі шекара 840-қа тең болатын және оны британ математиктері Джон Лич пен Нил Слоун 1971 жылы дәлелдеген еді. 55 жыл бойы математиктер бұл нәтижені жақсартуға тырысып келді. Енді ол нәтиже жақсарды: 12 өлшемде kissing number кемінде 841-ге тең. Жаңа нәтиже терең математикалық идеялар мен қуатты GPU-есептеулердің үйлесімі арқылы алынды. Сфералық кодтар мен шарларды тығыз орналастыру теориясының жетекші мамандарының бірі, MIT профессоры Henry Cohn (Maryna Viazovska-мен бірге 24 өлшемдегі әйгілі жұмыстың авторларының бірі) осы саладағы негізгі ақпарат көзі болып саналатын сайтты жүргізеді. Henry Cohn 12

  • Ғалым Боқаш мерейлі 50 жаста

    Ғалым Боқаш мерейлі 50 жаста

    Altyn Magauina Бүгін Атамыздың ең жақын шәкірттерінің бірі, біздің бауырымыз, қазақтың мақтан тұтатын жастарының бірі Ғалым Боқаш мерейлі 50 жасқа толып отыр. Біз үшін бұл күн – жай ғана Ғалымның туған күн емес, бұл – оның жарты ғасырлық өнегелі өмір жолының, адал еңбегінің, биік парасат пен адамгершілігінің мерекесі. Біз Ғалымды тек терең білімі үшін емес, үлкен жүрегі үшін қадірлейміз. Ғалымның әлемнің ең беделді оқу орындарының бірі – Оксфорд университетінде білім алып, “Азаттық радиосында жемісті еңбек етіп, бүгінде Америка Құрама Штаттарының мемлекеттік қызметінде абыройлы жұмыс атқарып жүргені оның табандылығының, білімге құштарлығының және еңбекқорлығының айқын көрінісі. Алайда адамның шынайы бағасы оның қызметімен немесе жеткен жетістіктерімен ғана өлшенбесе керек. Адамның қадірі оның жүрегінде,

  • Қазақ этногенезінің дағдарысы һам жаңа концепция

    Қазақ этногенезінің дағдарысы һам жаңа концепция

    Арма ағайын! Шағын сараптама Бірінші, қазақ этногенезінің дағдарысы келе жатыр. Дағдарысқа қарсы қазақ этногенезінің жаңа концепциясының жасалмауы алаңдатады. Біз қазір 18 ғасырлардағы қазақ хан-сұлтандары қабылдаған этногенездік концепциясымен әлі өмір сүріп келе жатырмыз. Одан кейінгі үш ғасырда колонизациялық кіріптарлық этногенездік жаңа концепцияны қабылдауға һәм трансформациялауға мұрсат бермеді. Қолданыстағы қазақ шежіресін ашып қараңыз, рулар шежіресінің концепциясы 18 ғасырларда қабылданған мизамға сәйкес келеді. Тіпті шежіредегі аталық рулар сол ғасырдағы қандайда бір тарихи тұлғадан (батырдан) бастау алады немесе шежіредегі аты аталатын рулар 18- ғасырға барып тоқтайды, ары қарай үзік-үзік. Бұл 18- ғасырдағы жаугершілік заманның талабына сай сұрыпталған қазақ этногенезінің көрінісі еді. Яғни қазақ шежіресінің концепциясы қазақ этногенезінің моделін қалыптады. Екінші, саяси және мәдени шешімдердің

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: