МҰРАТ БАҚТИЯРҰЛЫ СЕНАТОР: ҚАЗАҚСТАН КӨПҰЛТТЫ МЕМЛЕКЕТ ЕМЕС!
МҰРАТ БАҚТИЯРҰЛЫ СЕНАТОР: ҚАЗАҚСТАН КӨПҰЛТТЫ МЕМЛЕКЕТ ЕМЕС!
«Қарағандыдағы «қанды» оқиға ешкімді бейжай қалдырмаганы анық. Өрімдей жас азамат қанішерлердің қолынан ажал құшты. Барлық туған-туыстарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтамын. Қанішерлер тиісті жазасын алуы керек. Жалпы, «Қазақстан көп ұлтты мемлекет» деген қағидатты өзгертуіміз керек. Ықылым заманнан бері Қазақстанда мекендейтін, қазақ мемлекетін құрайтын, ұланғайыр даланың иесі де, киесі де бір – ақ ұлт бар, ол – қазақ ұлты. Қалғандары – этникалық топтар, диаспоралар. ОЛАРДЫҢ барлығының дерлік өз отаны бар. Қазақтың Қазақстаннан басқа ОТАНЫ жоқ. Сондықтан да қазақ ұлтының мүддесі тек осы елде ғана қорғалады. Әлемде этникалық аз топтарға барлық жағдай жасалған мемлекет Қазақстан ғана. Тек Қазақстанда ғана, үлкен өкінішке орай мемлекеттік тілді білмей-ақ мемлекеттік қызмет атқаруға, бизнес жасауға болады. Соны бағалап, қадірлей білмеген өзге этностардың кейбір өкілдеріне тарихи отандарыңа жолдарың ашық дегім келеді. Кеше Армения парламентінің депутаты Э. Марукян Армениядағы Қазақстанның елшісін шақыртып, Қазақстандағы «армяндарға корсетіліп жатқан қысымға» байланысты түсіндірме беруін талап етіпті. Бұл Қазақстанның ішкі ісіне қол сұғушылық. Бұған біздің Сыртқы істер министрлігі тездетіп, ресми түрде жауап беруі тиіс!»
Пікір қалдыру