Алматының тағы қай аудандары лаңкестерден азат етілді?
Алматы полициясы 12 қаңтарға дейін қаланың қай аудандары лаңкестерден азат етілгенін айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Тәртіп сақшылары 12 қаңтарда жасаған жедел қорытындыда Алатау мен Медеу аудандарының учаскелері тексерілгені айтылған.
“Жалпы 1 678 заңсыз әрекетке, тонау және басқа да қылмыстарға қатысқандар ұсталды. 36 атыс қаруы мен 1 476 оқ-дәрі тәркіленді. Қала периметрі бойынша орнатылған бес бақылау-өткізу бекетінде 38 адам ұсталды”, – делінген Алматы комендатурасы ақпарат орталығы хабарламасында.
Пікір қалдыру