Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Руслан Жақсылықовты қорғаныс министрі етіп тағайындады. Арнайы жарлық сәрсенбі күні Ақорда сайтында жарияланды.
Бұған дейін Жақсылықов ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның бас қолбасшысы қызметін атқарған. Оның орнына Еркін Ботақанов тағайындалды.
2021 жылы тамызда Жамбылдағы әскери қоймадағы жарылыстан кейін қорғаныс министрі болып тағайындалған Мұрат Бектанов қызметінен босатылған. Оның қандай қызметке тағайындалатыны әзірге айтылмайды.
Сонымен қатар
Билік ҰҚШҰ әскері ел аумағынан толық әкетілгенін хабарлады
Қаңтар оқиғасына байланысты елге енгізілген Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының әскері Қазақстан аумағынан толық әкетілді. Қорғаныс министрлігінің халықаралық ынтымақтастық департаментінің бастығы Олжас Құсайынов сәрсенбі күнгі брифинг кезінде осылай деп мәлімдеді.
– Қазақстан Республикасының аумағында шет мемлекеттердің әскери қызметшілері жоқ, – деді департамент жетекшісі.
Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің еуразиялық интеграция департаментінің директоры Александр Синяговский “бітігершілік миссия терроризмге қарсы операцияға бағытталған қазақстандық күштер мен құралдардың едәуір бөлігін босатуға мүмкіндік берді” деп атап өтті.
Министрліктің мәліметінше, елге 6 қаңтардан бастап 2 мыңнан астам адам және 250 техника жеткізілген.
Азат Еуропа / Азаттық радиосы
Пікір қалдыру