Жыл сайынғы рейтингті Стэнфорд университетінің сарапшылары 2022 жылғы 3 қарашада жарияланған Elsevier ғылыми баспасының соңғы мәліметтеріне сәйкес құрастырған.
Стэнфорд университетінің зерттеушілері библиометриялық зерттеу негізінде жыл сайын әлемдегі ең үздік ғалымдардың рейтингін жасайды. Зерттеу екі дерекқордан тұрады. Бірінші рейтингте өз мансабында жұмыстарына ең көп сілтеме жасалған ғалымдар көрсетілсе, ал екіншісінде соңғы жылда жұмыстарына ең көп сілтеме жасалған ғалымдар бар.
ENU профессоры Ратбай Мырзақұлов 2021 жылы ең көп сілтеме жасалған автор және өз мансабында әлемде жұмыстарына ең көп сілтеме жасалған ғалым ретінде қос тізімге де кірді.
«Жұмыстарға сілтеме жасау әріптестердің ғылыми жұмыс нәтижелеріне жоғары баға бергенін көрсетеді. Менің астрофизика, гравитация, космология және солитон теориясындағы ғылыми еңбектерім жоғары дәйексөзге ие болды. Бұл жас ғалымдар үшін жақсы үлгі болады деп ойлаймын», – дейді ғалым.
Сондай-ақ, 2021 жылғы үздік ғалымдар рейтингіне тағы екі қазақстандық ғалым Нұрлан Оразалин және Сәрсенбек Монтаев енді.
Номинанттар Scopus дерекқорындағы жарияланым белсенділігі мен авторлардың дәйексөздерінің жоғары көрсеткіштері бойынша таңдалды.
Ратбай Мырзақұлов – университет жанындағы «Еуразия халықаралық теориялық физика орталығы» ҒЗИ директоры.
Ол 400-ден астам ғылыми жұмыстардың авторы, 300-ден астам мақаласы импакт-факторы жоғары шетелдік журналдарда жарияланған.
2022 жылы ғалым ғылыми жетістіктері үшін физика және астрономия бойынша халықаралық Scopus сыйлығына ие болды. Қазіргі уақытта ЕҰУ профессоры Ратбай Мырзақұловтың Scopus бойынша Хирш индексі 47-ге тең.
Құттықтаймыз!
Пікір қалдыру