Түркия бақытқа жете алады. Ол үшін Кемал Қылыштароғлының экономикадағы қасқа жолын таңдаса болғаны. Екінші тур – 28 мамыр.
Сайлауға қатысқан Қазақстандағы Түркия азаматтарының басым бөлігі (48,86%) Қылыштароғлыға дауыс берді. Ердоған Қазақстаннан 44,38% дауыс алды.
Қазақстанда жүрген Түрік азаматтарының іскерлік топқа жататынын ескерсек, Түркиядағы бизнес, кәсіпкерлік санаттың Қылыштароғлы жағында екенін көреміз.
1. Инфляция
Қылыштароғлы алғашқы қадамын инфляциямен күреске жұмсамақ. Түркиядағы бизнестің басты жауы – инфляция және соның кесірінен орын алған девальвация болды. Қылыштароғлы Орталық Банкке толық тәуелсіздік сыйлауға бекініп отыр. Демек, тура біздегідей Орталық Банк базалық ставканы өсіреді, кредиттер қымбаттайды. Артынша инфляция сабасына түсуі тиіс.
2. Еуроодақпен визасыз режим
Қылыштароғлы Еуропаға Түркияда парламенттік жүйе орнатамын деп уәде беріп отыр. Есесіне Еуроодақ визасыз режим қадамына баруы тиіс. Егер бұл уәдесі орындалса, жаңа президент жұмыссыздық проблемасын сәл де болса жеңілдете алады. Және Түркияға сырттан капиталдың келуі күшейіп, лира тұрақтылығына жақсы дем береді.
Түркия болашағы – Түркия азаматтарының қолында.
“Biz önümüzdeki 15 gün boyunca Türkiye için milletimizle beraber bu ülkeye hakkı, hukuku, adaleti getirmek için her türlü mücadeleyi yapacağız. Halkımız emin olsun mutlaka kazanacağız ve bu ülkeye demokrasiyi getireceğiz.”, – деді, Кемал Қылыштароғлы.
Пікір қалдыру