“ҚОҢТАЙШЫҒА” ХАТ немесе ПРОГРЕССТІҢ ” ПАЙДАСЫ” (Қалжың пост)
Аса мәртебелі, күн нұрынан жаралып, гүл қауызында желмен тербелген Ұлы қоңтайшы!!!
Сіздің дәргейіңізге бас ұрған ФЕЙСБУКТЕГІ “досыңыз”, Мереке қарсаңынды бір -екі пост жазуға Сіздің рұқсатыңызды сұрайды…Сіздің “құлақкесті құлдарыңыздың” ұрпағының атынан, көңілде жүрген ойларын осы әлеуметтік желіде жариялауға рұқсат етіңіз… Құлдық санадан арылған елдің баласының хаты Сіздің атақ -абыройыңызға нұқсан келтірмейді деген ойдамын…
P.S. Аса мәртебелі, күн нұрынан жаралған Ұлы қоңтайшы, “қалжыңды” түсінеді деген ойдамын!!! Қазір заман өзгерді, техникалық прогрестің арқасында, Сізге деген “сүйіспеншілігімізді” әлеуметтік желі арқылы жолдап отырғанымыз үшін кешірім сұрай келе, төмендегі постарда Сізге белгісіз – инновация, тендер – гендер, откат – шапка, форс – мажор, радикал – ортодокс, афоризм,пассионаризм, толерант, оппортунизм, демократия – деген ұғымдардың пайда болғаны жайлы хабардар етпекшіміз…
Егерәкім, “ана жақта” ОНЛАЙН болса, “достарыңызбен” тікелей байланысқа шығып, пікір жазады деген үмітіміз үзілмейтініне кәміл сеніңіз, Аса мәртебілім!!!
Sovetkasy Nursilaтің facebook парақшасынан алынды

Пікір қалдыру