Мұхтар Құл-Мұхаммед Президентінің кеңесшісі қызметіне тағайындалды
Мемлекет Басшысының Өкімімен Мұхтар Абрарұлы Құл-Мұхаммед Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі қызметіне тағайындалды-деп хабарлайды ақорда баспа сөз қызметі.
Құл-Мұхаммед Мұхтар Абрарұлы (12.12.1960 жылы туған, ҚХР, Шәуешек қаласы) – мемлекет қайраткері, тарих ғылымдарыынң кандидаты (1995), заң ғылымдарының докторы (1999), профессор (2000). Нью-Йорк Ғылыми академиясының толық мүшесі (1997), ҚР Әлеуметітк ғылымдар академиясының академигі (2001).
ҚазМУ-ды (1982, қазіргі ҚазҰУ) бітірген. «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясында ғылыми, аға ғылыми редактор,философия, құқық және социология редакциясының меңгерушісі, жауапты хатшы (1982–92), «Атамұра» корпорациясының президенті (1992–99), ҚР Парламенті Сенатының депутаты (1999–2001), ҚР Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрі (2001–03), ҚР Президентінің кеңесшісі және баспасөз хатшысы (2003–07), Қызылорда облысының әкімі (2007–08), ҚР Мәдениет және ақпарат министрі (2008–10) қызметтерін атқарды. 2010 жылдан ҚР-ның Мәдениет министрі.
«Қазақстанның ХVІІІ ғасыр мен ХІХ ғасырдың басындағы саяси-әлеуметтік тарихының проблемалары» деген тақырыпта канд., «Жақып Ақбаев және Алаш қайраткерлері саяси құқықтық көзқарастарының эволюциясы (ХІХ ғасырдың аяғы XX ғасырдың басы)» тақырыбында доктор диссертация қорғады. Ғылыми-зертетушы еңбектерінің негізгі бағыты – қазақ мемлекеті мен құқығының тарихы, түркі халықтарының тарихы мен мәдениеті, руханият пен өркениет мәселелеріне арналған. 100-ден астам ғылыми жарияланымның авторы.
Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1996). «Құрмет» орденімен (2004) марапатталған. 2014 жыл 12 наурыз – 2015 жыл 4 наурыз ҚР Президенті кеңесшісі қызметін атқарды. 2015 жылы сәуірдің 26 өтетін кезектен тыс ҚР Президент сайлауында Н.Назарбаев сайлау алды штабын басқарады.
Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет


1 пікір
Бакбергенова. Мереке. Аскаровна.
МУХТАР ага менің сізге қой атын сұрағым бар еді. Қазір еш жерден әділдік таппайсыз. Осыны кадагалайтын орынның жоғы кинайды.