Астанада Отан қорғаушы күні арналған әскери парад өтті






Астанада Отан қорғаушы күні мен Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына арналған әскери парад өтті Бұл парад өткен жылдардағы парадтарға қарағанда көрнекі, қатысушылар саны жағынанең ауқымды болды. Оған еліміз Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері мен әскери техниканыңрекордтықсаны тартылған.
Парадқа 5 000-ға жуық әскери қызметші, 200бірлік шамасындақару-жарақ пен әскери техника, әскери авиацияның 70 бірлікұшағы мен тікұшағы қатысты.
Қазіргі заманғы ҚР Қарулы Күштерімен қатар Ұлы Отан соғысы уақытындағы армия мен қару-жарақ түрлері көрсетілді. Осы орайда ту ұстаушы топтардың ҚР Мемлекеттік туы меносыдан 70 жыл бұрын отандасымыз Рақымжан Қошқарбаев пен оның жауынгер досы Григорий БулатовтыңРейхстагқа тіккен туының дәл көшірмесі – Жеңістің қызыл туын алаңға алып шығуерекше рәсім болып ұсынылды.
Жаяу тізбектер шеруін армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебінің барабаншылар ротасы ашты.
Олардың соңына ілесе Ұлы Отан соғысы уақытындағы әскери киім үлгісіндегі үш парадтық топ жүріп өтті. Бірінші топҰлы Отан соғысы кезіндеқұрамында біздің жерлестеріміз соғысқан 72 гвардиялық атқыштар дивизиясы жауынгерлік туының көшірмесін ұстап өтті.
Салтанатты сапты ҚР Қорғаныс министрлігінің, Құрлық әскерлерінің, Әуе қорғанысы күштерінің және Әскери-теңіз күштерінің офицерлерінен құралған парадтық топтар жалғастырды. Парад көрермендері Аэроұтқыр әскерлерінің, теңіз жаяу әскерлерінің, бітімгершілік күштердің, арнайы мақсаттағы, әскери қызметші қыз-келіншектерден құралған роталарды, әскери полиция ротасын және басқалардыкөрді.
Тарихи бөлімдегі әскери техниканың тізбегін өздігінен жүріп өткен Т-34 танкі бастады. Сонымен бірге тарихи бөлімде парадтық тізбектің құрамында ЗиЛ-157 сүйреткен ЗИС-2 зеңбіректері және М-30гаубицалары, аты аңызға айналған БМ13 РС-30 «Катюша», танымал «Максим» пулеметі, РПД (Дегтярев қол пулеметі) , ППШ (Шпагин тапанша-пулеметі) өтті.
Парадтың заманауи бөлімінде әскери техниканы басқарылатын қарумен жарақтандырылғанТ-72Б танкі бастады. Сонымен бірге алаңда танктерді қолдау жауынгерлік машиналары, соңғы жылдары қазақстандық армияның сапына алынған әкелінген жауынгерлік машиналар, «Солнцепек», жаяу әскер жауынгерлік машиналары, БТР-82 бронетранспортерлері, Д-30, «МСТА»гаубицалары, КамАЗ автокөліктері, «Тигр» броньды көліктері, «Кобра» жауынгерлік барлау көліктері және басқа да заманауаи әскери техника өтті.
Парадта авиа-шоудың орны ерекше маңызға ие болды. Бұлар майдандық, әскери-көліктік және армия авиациясының Су-25, Су-27, Су-30, МиГ-29, МиГ-31, МиГ-27, Ан-26, Ан-72, Ту-134, Ту-154, С-295 (Airbase Military) ұшақтары, сондай-ақ Ми-8, Ми-17, Ми-171, Ми-26, К-32 және ЕС-145 (Еврокоптер) тікұшақтары. Бұдан басқа парадқа ҚР Қарулы Күштерінің тарихында тұңғыш рет қазақстандық Әскери-әуе күштерінің сапын толықтырған 4++ буынына жататынжаңа жоғары маневрлі Су-30СМ жойғыш ұшағы қатысты. Әскери ұшқыштар жеке және пилотажды топ құрамында жоғарғы пилотаж фигураларын орындап, өз шеберліктерін көрсетті. Авиаторлар Ұлы Жеңістің мерейтойын білдіретін «70» санын әуеде бейнелепбарша көрермендерге сый жасады.
ҚР ҚМ баспа сөз қызметі


Пікір қалдыру