Смағұл Садуақасұлы Хан Кене туралы
Смағұл Садуақасұлы (1900-1933) Хан Кене туралы: «Патша өкіметінің зорлықпен істеген істеріне қазақ жұрты, әрине, риза болған жоқ. Бұл өкіметке көзге көрінгендей ең бірінші қарсылық қылған – Кенесары. Осы күні қазақтың жазылмаған тарихында Кенесарының аты көптің аузында жанжалда жүр. Кенесарының хан екені рас, қолында билік болса, аспаннан айрықша нұр жауғызбайтыны да былай тұр. Бірақ Кенесарының тарихи қызметін бағаламауға болмайды. Біз Кенесарыны құр аты үшін күйдіре алмаймыз. Кенесарының қызметіне қарай баға беру керек».
Пікір қалдыру