Балтық бойы елдері ортақ әуе қорғанысын құрмақ
Балтық теңізі бойындағы үш ел – Латвия, Литва және Эстония қорғаныс министрлері ортақ әуе қорғанысы жүйесін құру жоспарын талқылады. Үш ел министрлері 28 мамырда Литваның Паневезис қаласында Украина қорғаныс министрімен кездескен-деп хабарлайды Аззаттық сайты.
Литва қорғаныс министрі Юозас Олекастың мәлімдеуінше, үш ел “орта радиуста әрекет ететін әуе қорғанысы жүйесін құру мүмкіндіктерін талдап жатыр”. Ол өздерінің ынтымақтастықты арттыруына “сыртқы қауіп-қатерлер” итермелеп отырғанын айтады.
Латвия, Литва және Эстония 2004 жылы НАТО құрамына кірген. Содан бері бұл елдердің әуе кеңістігін НАТО күзетеді. Осы айдың басында үш ел басшылары НАТО-дан өз елдерінде альянстың тұрақты бірнеше мың әскерін орналастыруды сұрайтынын мәлімдеген.
Associated Press агенттігіне берген сұхбатында Литва сыртқы істер министрі Линас Линкевичус Вильнюс НАТО әскерін Ресейді арандату үшін емес, “қауіпсіздік кепілі” ретінде орналастыруға тырысатынын айтқан.
Пікір қалдыру