Елбасы Францияның бұрынғы Премьер-министрі Франсуа Фийонмен кездесті
Елбасы Француз Республикасының бұрынғы Премьер-министрі, Ұлттық жиналыс депутаты Франсуа Фийонмен кездесті-деп хабарлайды Ақорда.
Әңгіме барысында Нұрсұлтан Назарбаев Ф.Фийонның Қазақстан мен Франция арасындағы стратегиялық серіктестік туралы шартқа қол қоюға үлесін атап өтті. Соның арқасында бүгінде екі ел қарым-қатынасы қарқынды дамып келеді.
Сондай-ақ тараптар Қазақстан-Франция ынтымақтастығын басымдығы бар салаларда нығайта түсу мәселелерін қозғады.
Сонымен қатар Қазақстандағы француз компаниялары қызметінің негізгі бағыттары, елімізге инвестиция тарту жөніндегі шаралар қарастырылды.
Пікір қалдыру