Белгілі азамат Берік Әбдіғалидың екі кітабы жарық көрді
Белгілі азамат Берік Әбдіғалидың екі кітабы жарық көрді-деп хабарлайды досы Ерлан Қариын facebook парақшасында.
Берік Әбдіғали досым жаңа кітаптарын сыйға тартты. Бірінші кітап – соғыста көрсеткен ерліктері үшін Кеңес одағының батыры деген атаққа ұсынылып, бірақ түрлі себептермен сол атақ берілмеген қазақстандықтардың өмірбаяны жөнінде. Бұл кітап әділеттілікті орнатуға бағытталған үлкен азаматтық іс деп білемін. Ал, екінші кітап, Бекеңнің жиырма жылда шыққан мақалалары мен сұхбаттырының “Қазақ болайық!” деген атаумен басылған жинағы. Бұл мақалалар Тәуелсіздік алғаннан кейінгі кезеңде қазақтың саяси қоғамдық ойының жеке бір антологиясы десек болады, өйткені Беке қашан да айналадағы болып жатқан оқиғалар мен құбылыстарға жәй қарамай, өзінің өткір де шыншыл бағасын беріп, терең де салмақты ой-пікірлерімен бөліскен.
Пікір қалдыру