Жаңалықтар
“Көпұлтты” партия. Бұл неғылған партия?

Сурет Әлеуметтік желіден алынды
Қазақстанда тағы бiр партия құрылуы мүмкiн. Партияны құрмақ белсендiлер оны әзiрге тiркетпесе де, атын берiп үлгерiптi. Қазақстанның “Әдiлет” көпұлтты бiрiккен партиясы деп аталатын көрiнедi.
Партия “Қазақстанның жас профессионалдары қауымдастығы” қоғамдық бiрлестiгiнiң негiзiнде құрылмақ. Әлi құрылып үлгермеген қозғалыс жетекшiлерiнiң бiрi Олеся Халабузарь informburo.kz порталына берген сұхбатында “партияның жарғысы мен бағдарлама дайын, қазiрдiң өзiнде қатарымызға бiр жарым мың адам мүше” дейдi. Қазақстанда партияны тiркеу үшiн оған 40 мың адам мүшелiкке өтуi шарт.
Әзiрге тiркелмеген партияның белсендiсi алдағы парламент сайлауына қатыспаймыз деп кестi. Айтуынша, оған дейiн партия тiркелгенi жөнiндегi куәлiктi алып үлгермейдi. Белсендi биылғы жылдың қарашасында парламент сайлауы өтедi деп болжайды.
О.Халабузарь партияны аты-жөнiн жария еткiсi келмейтiн кәсiпкерлер қолдап, қаржылай көмектесетiнiн жасырмады.
zhasalash.kz
Пікір қалдыру