Бішкекте көзі жойылған Қазақстан азаматтары заңсыз шекара кескен
Қырғызстанда екі бірдей арнайы операция кезінде 6 экстремистің көзі жойылды. Барлығы халықаралық лаңкестік ұйым мүшелері болған. Оққа ұшқандар арасында Қазақстан азаматы бар деп хабарлады КТК арнасы.
Сондай-ақ тағы бірнеше экстремистің қолына кісен салынды.
Лаңкестіктің алдын-алу операциясының бірі Шу облысында жүргізілген. Үйде жасырынған 2 адам полицейлерге оқ атып, қарулы қарсылық көрсетіпті. Атыс кезінде екеуінің де көзі жойылды.
Дәл осы уақытта Бішкек орталығында келесі құрықтау операциясы жүзеге асырылған. Арнайы қызмет өкілдерінің қолынан көз жұмған содырлар тобы Бішкекте Айт намазы кезінде теракт жасамақ болыпты.
Қаскөйлер арасында Қазақстан азаматы – Жанболат Әміров те бар. Отандасымызды Қырғыз құзырлы орындары өткен айдан бері ұстай алмай жүрген.
Әміров сыбайласы Альберт Абхин екеуі заңсыз шекара кескені үшін ұсталып, Бішкек түрмесінен қашып кеткен болатын. Абхин кейін арнайы жасақпен атыс кезінде өзін-өзі жарып жіберді.
ktk.kz
Пікір қалдыру