Түмен қазақтарының құрылтайы өтеді
15-тамызда Ресейдегі Түмен облысы Ишим қаласында Түмен қазақтарының құрылтайы өтеді. «Құрылтай – 2015» деп аталатын аймақтық бұл шараның ұйымдастырушысы «Түмен облысы қазақтарының ұлттық-мәдени автономиясы» түмендік аймақтық қоғамдық ұйымы. Оған облыстық ұлттар ісі жөніндегі комитет, облыстық мәдениет департаменті мен Ишим қаласының әкімшілігі қолдау көрсетіп отыр. Бұл туралы Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ресми сайты хабарлап отыр.
«Түмен облысы қазақтарының ұлттық-мәдени автономиясы» түмендік аймақтық қоғамдық ұйымының президенті Есенғали Ибраев. Түмен облысы Ресейдің әлеуметтік-экономикалық дамуы жоғары аймақтарының бірі болып табылады. 2010 жылғы бүкілресейлік халық санағы бойынша Ресейдегі қазақтардың саны 0,65 млн., ал Түмен облысындағы қазақтардың саны 13,2 мың деп есептелген болатын. Дегенмен, Ресейдегі Қазақстан Елшілігінің мәліметіне қарағанда, Қазақтар Ресейдегі түркі халықтарының арасында үлесі жағынан татар, башқұрт, чуваштан кейінгі сатыда тұр. Ал Түмен облысында орыс, татар, украиннан кейін төртінші орын алады. Аймақта қазақ тілі факультатив ретінде Ишим қаласы мен Голышманово ауылында оқылады.
Құрылтай кезінде Қазақстанның Қызылжар қаласынан келген және Түмен облысының түкпір-түкпірінен келген өнерпаздар өнер көрсетпек. Сондай-ақ түрлі спорттық жарыстар ұйымдастырылып, ат бәйгесі де өтеді деп жоспарланып отыр.
baq.kz
Пікір қалдыру