Дияс Торонтодағы жарысқа қатысады
Бүгін, 10 тамыз Канаданың Торонто қаласында жүлде қоры 2 миллион 500 мың доллар деп хабарланған Rogers Cup жарысы басталады. Бұл турнирге Қазақстанның 1-ракеткасы Зарина Дияс та қатысады.
Ол 1-айналымда ресейлік Анастасия Павлюченкомен кездеседі.
Зарина Дияс бүгін жариялаған WTA рейтингінде екі саты төмендеп, 34-орынға түсті. Ал Павлюченко 32-орынға шыққан.
Тағы бір қазақстандық теннисші Ярослава Шведова австралиялық Кейси Делаквамен бірге Торонтодағы турнирдің жұптық жарысына қатысады. Олар алғашқы кезеңде Кристин Младенович (Франция)-Каролина Плешкова (Чехия) жұбымен кездеседі.
Торонтодағы жарыс 16 тамыз күні аяқталады.
Азаттық радиосы
Пікір қалдыру