Түркия күрд жасақтарына қарсы шабуылды күшейтті
Түркия әскери-әуе күштері елдің оңтүстік-шығысындағы күрд көтерелісшілеріне қарсы шабуылды күшейтті.
Түркия әскерилерінің хабарлауынша, елдің әскери-әуе күштері 10-11 тамызда Хаккари провинциясында Күрдістан жұмысшы партиясы бүлікшілеріне қарсы бірнеше соққы жасаған.
Анкара шілденің соңында “Ислам мемлекеті” (ИМ) экстремистік ұйымы мен Күрд жұмысшы партиясы көтерілісшілеріне қарсы “терроризммен синхронды күрес” жариялаған. Бірақ содан бері Түркия әскері ИМ-нен гөрі күрд көтерілісшілеріне көп шабуылдап жатыр.
Күрд жұмысшы партиясы жетекшісі Жемиль Байык Түркия билігін “күрд жасқатарына шабуылдау арқылы ИМ содырларын қорғауға тырысады” деп айыптайды.
Байык 10 тамызда BBC-ге берген сұхбатында Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған “Сирияның Түркиямен шекарасында күрдтердің күш алып кетуін болдырмау үшін ИМ содырларының Сирияның солтүстігінде күрдтерге қарсы соғыста жеңіске жеткенін қалайды” деген пікір білдірген.
Азаттық радиосы сайыты
Пікір қалдыру