ҚАЗАҚ БАЛАЛАРЫНЫҢ МАҢДАЙЫНАН СИПАЙТЫН АНА ЖОҚ! (БЕЙНЕ)
«Қазақ қыздарының ғылым-білімі жаялықпен бірге жуылып кетеді», – деп ойын білдірген ғалым Тұрсынбек Кәкішев қазақ қыздарына неге өкпеледі? Көзі тірісінде әдебиетшіні қандай мәселелер толғандырды? Қазақ ғалымы қаракөз қарындастардың жоғары оқу орындарына білім қуып емес, жігіт қарап, тұрмыс құрмай аяғы ауырлап қалу мәселелеріне ерекше тоқталып, өмірінің соңына дейін жанашырлық танытты. «Отбасындағы тәрбиенің дұрыс болмауынан жетім балалар көбейіп, ерлі-зайыптылардың ажырасуы жиілеп кетті. Басынан сипалайтын ана болмаған соң, әрине, қазақ балаларының түрмедегі саны жиілеп кетеді»,- дейді ол. Оған кім кінәлі? Әйелін жұмысқа айдап, өздері таксист болып, тиын тауып жүрген еркек пе әлде мемлекет пе? Жұмыс басты болып, «карьераның» тұсауында жүрген, үйдің тірлігінен қол үзіп, даланың адамына айналған қыздарымыздың қоғамда алатын орны хақында айтқан ғалымның өткір сөздерін ұсынбақпыз!
www.bmtv.kz
Пікір қалдыру