Лондон тарихында алғашқы рет мұсылман мэр сайлануы мүмкін.
Лондонға Пәкістаннан көшіп келіп автобус жүргізушісі болып жан баққан мұсылман мигранттың ұлы – 45 жастағы заңгер Садық Хан бүгін Ұлыбритания астанасының мэрі қызметіне Лейбористер партиясы ұсынған бірден-бір кандидатқа айналды. Оның негізгі қарсыласын Консерваторлар партиясы қазанның басында анықтайды. Келесі жылғы мамыр айында Лондон тарихындағы алғашқы мұсылман мэрдің сайлану салтанатына куә болып қалуымыз да мүмкін.
Ғалым БОҚАШТЫҢ facebook парақшасынан алынды


Пікір қалдыру