|  | 

Жаһан жаңалықтары

Кепiлдiгi бар келiн…

vetnamdiq kelin_6000$Жақында әлеуметтiк желiде ““Вьетнам халықаралық некелестiру агенттiгi” қазақ азаматтарына Вьетнам қызын 6 мың АҚШ долларына 1 жылдық кепiлдiкпен сатып алуды ұсынды” деген ақпарат тарап кеттi. Жарнамаға сенсек, Вьетнам қыздары өте тәрбиелi, арын сақтаған, тiлалғыш, перiштедей пәк екен. Және жарнама берушiлердiң ойынша, мұндай қыздар – қазақ жiгiттерiнiң арманы. Менiңше, агенттiк клиенттерiн көбейту үшiн бiздiң жiгiттердi пайдаланып қалмақ. Сонда әлгiлер қазақтың азаматтарын кең-байтақ қазақ жерiнен адал жар болатын қазақ қызын таба алмай, өзге ұлтқа көз салады дей ме екен? Өкiнiшке қарай, жарнама бiздiң жiгiттерiмiздiң көңiлiнен шыққандай.

Жарнама жарияланғаннан кейiн бұл “ВКонтакте” әлеуметтiк желiсiнде қызу талқыға түстi. Жазылған пiкiрлердi оқып отырып, өкiнбеске амалың жоқ. Жiгiттерiмiздiң айтуынша, олар Вьетнам қыздарын әйел қылып алуға қарсы емес екен. Олардың бiрi Вьетнам қыздарының сұлулығына, бiрi тәрбиелiлiгiне, бiрi пәктiгiне қызығушылығын танытыпты. Өкiнiштi-ақ! Iштерiнде қазақ қыздарына тiл тигiзгендер де бар. Жiгiттердiң бұл әрекетi ұлтын сыйламағаны ма, әлде қазақ қызынан шынымен көңiлдерi қалғанынан ба? Түсiнбедiм. Бiр бiлетiнiм, жiгiттер Вьетнам агенттiгiнiң қолында ойыншық болғанын өздерi байқамай, өте ұятты қылық жасады. Қазақ жiгiттерiне айта кететiн бiр жайт, егер ол қыздар соншалықты перiштедей пәк, мың жiгiттiң арманы болса, агенттiкке оларды жарнамалап не керек? Дүйiм жұрттың көзiнше сатылымға түскен қыз қазақ елiне келiн болып түсуге лайық емес деп ойлаймыз. Бұған жiгiттерiмiз көз жеткiзе алса, елiмiз азаматтарынан айырыла қоймапты деп бiр марқайып қалар едiк.
“Вьетнам елiнiң тарихы өте қайғылы, олар қиындыққа төзе бiледi. Егер Вьетнам қызын алсам, қандай қиындық болсын, ол маған адал болады. Сол себептi 6 мың АҚШ долларын төлеуге еш қарсылығым жоқ” деген пiкiрлер өте көп. “Отан қорғайды” деп жүрген азаматтарымыз осылай десе, бiздiң ұлт болашақта құрдымға кетпесiне кiм кепiл? Болашақта ұрпақ қандай болады? Жiгiттерiмiз өзге ұлттан қыз алса, өз қыздарымыз қайда бармақ? Елiмiздi алға сүйрейдi деп жүрген азаматтарымыз табиғат-ана берген байлықтарды бағаламай, импортталған тауарлармен елдi құрдымға кетiруге таяу қалды. Вьетнам қыздарынан басқа, шетелден қыз алып жатқан ағаларымыздың бар екенiн ескере отырып, елге “импорттал­ған” келiн әкелудi тоқтатып, ақылға келсек, жақсы болар едi.
Арайлым ЕСМҰҚАНБЕТ.
zhasalash.kz

Related Articles

  • АҚШ Иранның Харк аралын басып ала ма? 

    АҚШ Иранның Харк аралын басып ала ма? 

    Киан ШАРИФИ Иран ислам республикасына тиесілі Харк аралы. Америка мен Израильдің Иранға әуе шабуылдары жалғасып жатқан тұста АҚШ-тағы саяси ортада ислам республикасына тиесілі Харк аралын басып алу идеясы талқылана бастады. Сарапшылардың айтуынша, Вашингтон Ирандағы мұнай экспортының негізгі ошағы саналатын Харк аралын нысанаға алуы әбден мүмкін. Бұл санкциялар құрсауындағы Иран экономикасын құлатпай ұстап тұрған басты табыс көзін жауып тастауы ықтимал. Алайда Иран мұнай экспортының 90 пайызын қамтамасыз ететін Парсы шығанағындағы шағын аралды басып алса, бұл АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы соғысын тіпті ушықтырып жіберуі мүмкін. Мұның өзі де Иран экономикасын толық құрдымға жібере алмайды дейді сарапшылар. 7 наурызда Axios басылымы АҚШ әкімшілігі Харк аралын басып алу мүмкіндігін талқылағанын хабарлады . Иран бұл аралға

  • Си Цзиньпиннің қытай әскери басшылығын “тазалауы” нені білдіреді?

    Си Цзиньпиннің қытай әскери басшылығын “тазалауы” нені білдіреді?

    Рид СТЭНДИШ Ресей президенті Владимир Путин (оң жақта) елге сапармен келген қытай генералы Чжан Юсямен қол алысып тұр. 2017 жыл. Өткен аптаның аяғында Қытайдың Орталық әскери комиссиясы төрағасының орынбасары қызметінен әрі Қытай коммунистік партиясы саяси бюросының мүшелігінен босатылды. Әскери басшылықтағы мұндай жоғары шенді тұлғаның орнынан алынуы Пекиннің Тайваньға қатысты жоспарына, АҚШ-пен бәсекесіне және аймақтағы тұрақты ойыншы ретіндегі рөліне қатысты бірқатар сұрақ туғызып отыр. 24 қаңтар күні Пекин қызметтен босатылған генерал Чжан Юся (Қытай басшысы Си Цзиньпиннің көп жылдан бергі сенімді серігі болған) тергеуге алынды деп хабарлады. Тосын шешімнен кейін Си Цзиньпин әскери басшылық шыңында жалғыз өзі қалды. Қытайды зерттеуші сарапшылар мұның билік сабақтастығына елеулі салдары болады дейді. Ал Пекиннің серіктестері

  • Tridon Mk2 зениттік қондырғы

    Tridon Mk2 зениттік қондырғы

    Швеция мен Дания Украинаға арнап британ-швед өндірісіндегі заманауи Tridon Mk2 зениттік қондырғыларын сатып алуға бірігіп кірісті. Кешен әсіресе жақын қашықтықта ұшатын ирандық «Шахед» дрондарына қарсы ең тиімді қарудың бірі. Қазіргі уақытта Tridon Mk2 өз класындағы ең озық әуе шабуылына қарсы жүйе саналады. Tridon Mk2 зениттік қондырғысының басты ерекшелігі атыс қарқыны. Ол минутына 300 оққа дейін жаудыра алады. Осылайша әуе кеңістігіне енетін шағын дрондардың көзін жылдам әрі дәл жоюға мүмкіндік туады. Тағы бір артықшылығы атылатын 40-мм снарядтардың құны небәрі 27 долларды құрайды. Экономикалық тұрғыдан тиімді екенін дәлелдейді. Қару-жарақ саласындағы мамандар Украинадағы әскери қақтығыстарды ескере отырып, арзан әрі тиімді әуе қорғанысы қаруына сұраныс жоғары екенін айтады. Tridon Mk2 жүйесінде қолданылатын арнайы британдық

  • Келешекте қай салаларды дамыту керек?

    Келешекте қай салаларды дамыту керек?

    Инвестордан артық қатаң реалист жоқ қой. Ол салған ақшасы өзіне еселеп қайтуы үшін тек перспективасы мол, келешегі жарқын салаларды таңдайды. JPMorganChase АҚШ-тағы, әлемдегі ең ірі банктің бірі ретінде алдағы 10 жылда 1,5 трлн доллар инвестиция құятынын қараша айында жариялады. Сөйтіп, негізгі 4 бағытты таңдаған. Олар ары қарай 27 салаға бөлінеді: – Озық технология: робототехника, фармакология, аса маңызды минералдар – Қорғаныс, аэроғарыш өндірісі: байланыстың жаңа буыны, мүлде жаңа дрондар – Энергетикалық тәуелсіздік: күн, атом, жаңа батареялар – Стратегиялық технология: ЖИ, киберқауіпсіздік, кванттық есептеу Арғы жағындағы 27 саланы оқысаң, мына банк әлемдік соғысқа дайындалып жатқан сияқты көрінеді. Себебі гипердыбыстағы ракета, 6G байланыс, ғарыш, адамсыз технология деп кете береді. Энергия көздерінің түр-түрі. Екінші

  • Зеленский Уиткофф және Кушнермен “мазмұнды әңгіме” болғанын айтты

    Зеленский Уиткофф және Кушнермен “мазмұнды әңгіме” болғанын айтты

    Владимир Зеленский  Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ президентінің арнайы уәкілі Стив Уиткофф және Трамптың күйеубаласы Джаред Кушнермен телефонмен “мәнді әрі конструктивті” әңгімелескенін хабарлады. Уиткофф пен Кушнер 2 желтоқсанда Мәскеуде Ресей президенті Владимир Путинмен кездескен. “Біз көптеген аспектіге назар аудардық және қантөгісті тоқтатып, Ресейдің үшінші рет басып кіру қаупін жоюға кепілдік беретін маңызды жайттарды, сонымен бірге Ресейдің өткен жолғыдай уәдесін орындамау қаупі сияқты нәрселерді талқыладық” деді Зеленский. Әңгімеге сонымен бірге қазір АҚШ-та жүрген Украина ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің хатшысы Рустем Умеров, қарулы штабтың бастығы Андрей Гнатов қатысқан. Axios дерегінше, әңгіме екі сағатқа созылған. Келіссөздерден хабары бар дереккөздің айтуынша, Уиткофф пен Кушнер екі жақтың да талаптарын жинап жатыр және Путинді де, Зеленскийді де

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: