Қанат Ислам қарсыласын бірінші раундта нокаутқа түсірді
Қазақстандық боксшы Қанат Ислам қарсыласын бірінші раундта нокаутқа түсіріп, кәсіби рингтегі жиырмасыншы жеңісіне қол жеткізді, – деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Қанат Ислам Доминикан Республикасының боксшысы, 31 жастағы Джонатан Батистамен жұдырық түйістірді. АҚШ-та бірінші орта салмақта өткен кездесу бірінші раундта аяқталды.
Қазақстандық боксшы үшін бұл кәсіби рингтегі жиырмасыншы жекпе-жектегі жиырмасыншы жеңісі. Батиста 15 жекпе-жегінде сегізінші рет жеңіліп отыр.
Қазақстандық боксшы Жанат Жақиянов (25-1, 18 КО) аса жеңіл салмақта WBA (Interim) тұжырымы бойынша әлем чемпионы венесуэлалық Йонфрес Парехоны (17-1-1, 8 КО) ұпай айырмасымен жеңді.
tengrinews.kz


Пікір қалдыру