|  | 

Саясат

КЕЛЕСІ ПАРЛАМЕНТТЕ  ОТАНҒА ОРАЛҒАН ҚАНДАСТАРДЫҢ  ӨКІЛДЕРІ БОЛУЫ КЕРЕК

tursihan

Бүгінде өз тарихи Отанына түрлі жолдармен 1 мллионға жақын қазақ қандастарымыз қайтып оралды. Бұл жерде «қандастар» деген сөзді бекер қолданып отырған жоқпыз. Өйткені олар кешегі бір сұрқылтай замандарда амалсыздан үйірінен бөлінген өз бауырларымыз. Қазақта «өзіңнен тумай ұл болмас, сатып алмай құл болмас» деген сөз бар. Бүгінде қазақ үшін «өзінен туған ұл» кім? Ол осы елім деп, жерім деп келіп жатқан ағайын. Қазақтың қара баласы. Ал, сатып алар «құл» кім? Ол жан бағысқа келіп жүрген, тілі, ділі бөтен жат жұрттық келімсектер. Олар түбі ел болмайды. Ал сенімен ел болатын, тірлігі де, тағдыры да біте қайнасып, тұтасып кететін, ел басына күн туса ту түбінде тұрысатын сол «өзіңнен туған ұл» болмақ.
Қазір алмағайып заман басталды. Әлемдік ірі елдер дұниежұзіндегі ресурстар мен ықпал аймағын қайта бөліске салуға кірісті. Құндылықтар өзгерді. Әлемде зорлықты күшке зорлықты күшпен жауап беру әдетке айналды. Құдайға шүкір, Елбасының сындарлы саясатының арқасында, Қазақстан бейбітшілік аралы іспетті өзін өзі сақтап тұр. Дегенмен, қауіп-қатер жоқ емес. Енді ғана буыны бекіп келе жатқан мемлекетімізді одан ары нығайту үшін, іш пен сырттағы қазақтардың бір кісідей бірлігі, мемлекетшілдігі мен ортақ күш-жігері қажет.
Бүгінгідей күрделі кезеңде, Қазақстанда өзінің геосаяси мүддесі бар кез келген ел біздің біртұтас ұлт ретінде өсіп-өркендеуімізді, қазақ халқының санының өсуін қаламайды. Олар елдегі тіл мәселесі мен демографиялық жағдайдың осы беті қалуын қалайды, т.т.
Осындай жағдайда қазаққа тек қазақтың баласы көмектесуі керек. Қазаққа тек қазақтың жаны ашуы керек. Сол себепті, шеттегі ағайынды мүмкіндігінше елге тарту Қазақ елінің стратегиялық міндеттерінің бірі болып қала беруі тиіс. Бұл ретте, Елбасы қол қойған «Көші-қон туралы заң» бұдан алдын бір сәт кідіріп қалған көші-қон үдерісіне жаңа серпін беруде. Осы келелі өзгерістер, биыл өткелі отырған Парламент сайлауына дөп келіп отырғаны да, істің әрі қарай сәтті жүруіне үлкен үміт ұялатады.
Бұл орайда, өз басым, келесі Парламентте шеттен келген қандастардың өкілдері де болуы керек деп ойлаймын. Әрине, шеттен келген қандастар Қазақстан Республикасының азаматтығын алғаннан соң, Қазақстан азаматы болып табылады. Ал «ҚР азаматтық туралы Заңы» азаматтығы бар кез келген азаматқа сайлау және сайлану құқын береді. Дейтұрғанмен, қазіргі кезде шеттен келген ағайындар өздерінің осы қүқын толық іске асыра алмай келеді. Оның көптеген объективті және субъективті себептері бар. Ең бастысы олардың бір жерде шоғырлы қоныстана алмауы. Оның үстіне, тілдік-психологиялық және кейбір мигрантофобиялық т.б кедергілерге байланысты, олар округтер бойынша сайлауға түскенде қажетті дауыс жинай алмайды. Нәтижесінде, ұлт мүддесі зардап шегеді. Бұған дейін, көші-қон үдерісінде кейбір қателіктер орын алды десек, бұл қателіктер дәл осы жоғары билік дәлізінде Отанға оралған қандастардың бірді-екілі өкілінің болмауымен тікелей байланысты. Сондықтан, бүгінде ұзын саны 1 мллионға жетіп жығылатын Отанға оралған қандас бауырларымыздың арасынан келесі Парламент сайлауында, жалпы қоғамның және сол ағайындардың өз қалауымен бір-екі депутат Мәжіліске немесе Сенатқа сайланса нұр үстіне нұр болар еді.
Бұл шындап келгенде, елге оралған ағайын мен мемлекеттің арақатынасын реттеуде белсенді рөл ойнайды. Отанға оралған қандас бауырларымыз сонда ғана өздерінің толыққанды құқын сезінетін болады. Бұл–бір. Екіншіден, мүндай шешім мемлекет тарапынан көші-қон үдерістерін жүйелі жолға қоюға, диаспора саясатын тиімді түрде үйлестіріп отыруға көмектеседі. Отанға оралған қандастарымен және диаспора өкілдерімен жұмыс жасау басқа елдердің тәжірибесінде де жиі кездеседі. Мысалы, Қытай Халық Республикасы әр кезекті Халық құрылтайы сайламында шетелден келген қандастарына 35 мандат береді. Бұған Ганконг, Макао және Тайваньнан сайланған депутаттарды қосқанда жалпы саны 96 адам. Бұл депутаттар елдегі саяси-экономикалық, мәдени үдерістерге атсалысумен бірге, «Отанға оралған қандастар қауымдастығы» арқылы шетелдегі қытай диаспорасымен жүйелі жұмыс жасайды.
Біз– аз халықпыз. Дүниежүзінде 11 миллионнан астам қазақ бар деп күпигенімізбен, оны төңірегіміздегі қара орман елдермен салыстырып, Қазақстанның ұлан-байтақ жер аумағынна шаққанда түкке тұрмайды. Біздің жеріміз кең, халқымыз аз. Бір ғана экономикалық тұрғыдан алып қарағанда бұл кері пропорция. Тек шетелдік жалданбалы жұмыс күшіне арқа сүйеу мәселені түбегейлі шешпейтіні былай түрсын, оның соңы көптеген проблемаларды пайда қылуы мүмкін. Бұл мәселені түбегейлі шешудің екі жолы бар. Оның бірі – ішкі демографиялық жағдайды жақсарту; екінші, сырттағы ағайындарды бар күшпен тарту. Егер бұл істі жақсы жолға қоя білсек, жақын арада (шамамен 2016-2022 жылдар) тағы да 1 ммиллион қандасымыз Отан құшағына оралады. Бұл ел экономикасын дамыту, қазақ тілінің әлеуетін арттыру, елдегі демографиялық тепе-теңдікті қалыпқа келтіру үшін үлкен септігін тигізеді. Бұл үшін, үкімет пен Отанға оралған және келем деуші ағайын арасында көпір қызметін атқаратын, қолынан іс келетін білікті азаматтарды Парламент пен атқарушы билік салаларына тарту ауадай қажет.
Менің бір түсінбейтін мәселем бар: Ол болса ҚР азаматтық және сайлау туралы заңдарына сәйкес, елімізде өмір сүретін барлық ұлттың өкілдеріне тең құқық берілген. Олар окруктер бойынша сайлау арқылы Парламентке келеді. Бірақ, артынан олардың өкілдері Қазақстан халықтар Ассамблеясы арқылы Парламентке тағы да келіп жайғасып жатады. Сөйтіп, елімізде тұратын өзге ұлт өкілдеріне Парламенттен орын алуға қосарланған құқық берілген. Ал, шетелден оралған қандас бауырларымыз, өздерінің қоғамды ұйыстырушы белсенді фактордың бірі екеніне қарамастан, Парламентте бірлі-жарым мандатқа да қолы жетпей келеді.
Қазір шетелден келген қандастардың проблемасын олардың өз проблемасы деп қарайтын қате түсінік қалыптасқан. Біле білсек, ол тек оралмандардың ғана проблемасы емес, жалпы Қазақстандық қоғамның, қазақтың проблемасы. Сол себептен, БАҚ құралдары шетелден келген ағайындарды көбінше жақсы жағынан көрсетіп, олардың арасындағы шама-шарқынша елге өз үлесін қосып жатқан азаматтарды, дарынды жастарды, көп балалы отбасыларын көбірек нәсихаттаса деп ойлаймын. Сол арқылы қоғам оларды масыл санайтын түсініктен арылар еді.
Шетелден келген қандастарымыз бұған дейін республикалық деңгейдегі үлкен қоғамдық ұйыымдарға біріккен емес. Көбі саяси партияларда да жоқ. Олардың бірден-бір сенетіні Елбасы мен «Нұр-Отан» партиясы және ҚР Парламенті. Бұл басқа партияларды жамандағаным емес, айтпағым, Отанға оралған қандастардың ең әуелі Елбасы мен билік партиясынан, еліміздің заң шығарушы органы Парламенттен көп үміт күтетіндігі. Сол себепті, ҚР қарапайым азаматы ретінде, үлкен саяси науқан алдында өз ойларым мен ұсыныстарымды ортаға салдым.

Тарих ғылымдарының докторы
Қазақстан жазушылар одағының мүшесі Тұрсынхан Зәкен

Related Articles

  • ОА қорғанысқа қаржыны не себепті арттырды? Каспийден Украинаға зымыран ұшырған Ресей суды ластап жатыр ма?

    Елнұр ӘЛІМОВА Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан және Әзербайжан әскері бірігіп өткізген «Бірлестік-2024» жаттығуы. Маңғыстау облысы, шілде 2024 жыл. Қазақстан қорғаныс министрлігі таратқан сурет.  Орталық Азия елдері қорғаныс шығынын арттырды, мұның астарында не жатыр? «Қазақстан ауыл шаруашылығы өнімдерін екі есе көп өндіруді жоспарлап отыр, алайда үкімет бұл салада жұмыс күшінің азайғанын есепке алмаған». «Каспий теңізінен Украинаға зымыран ұшырып жатқан Ресей теңіздің экологиялық ахуалын ушықтырып жатыр». Батыс басылымдары бұл аптада осы тақырыптарға кеңірек тоқталды. ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ҚОРҒАНЫС ШЫҒЫНЫН АРТТЫРДЫ. МҰНЫҢ АСТАРЫНДА НЕ ЖАТЫР? АҚШ-тағы «Америка дауысы» сайты Украинадағы соғыс тәрізді аймақтағы қақтығыстар күшейген тұста Орталық Азия елдері қорғаныс саласына жұмсайтын ақшаны арттырғанына назар аударды. Бірақ сарапшылар мұндай шығын тұрақтылыққа септесетініне күмән келтірді. Стокгольмдегі бейбітшілікті

  • Самат Әбіш қалай “сүттен ақ, судан таза” болып шықты?

    Азаттық радиосы Саясаттанушы Досым Сәтпаев ҰҚК төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары, экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Самат Әбішке шыққан үкім “Қазақстандағы режим болашақты ойламайтынын көрсетті” дейді қазақстандық саясаттанушы Досым Сәтпаев. Сарапшының пайымдауынша, билеуші “элита” жеке істерімен және тасадағыкелісімдермен әуре болып жатқанда елде тағы бір жаңа әлеуметтік жарылысқа әкелуі мүмкін факторлар күшейіп келеді. СаясаттанушыРесей өзінің экономикалық мүдделері мен геосаяси жоспарларын кеңінен жүзеге асыру үшін Қазақстанның ішкі саясатына тікелей әсер етуге тырысып жатуы мүмкін деп те топшылайды. ПУТИН “ҚАУІПСІЗДІК КЕПІЛІ” МЕ? Азаттық: Сонымен ұзақ демалыс алдында осындай үлкен жаңалық жарияланды. Мейрам алдында, 19 наурызда қазақстандықтар мәжіліс депутатының постынан Самат Әбішке шыққан үкім жайлы білді. Мұның бәрінің байланысы бар ма әлде кездейсоқтық па? Досым Сәтпаев: Әңгімені бұл істің құпия

  • “Геосаясат илеуіне түсіп қалуымыз мүмкін”. Қазақстанда АЭС салуға қатысты сарапшы пікірі

    Елена ВЕБЕР Атом электр стансасын салу және пайдалану экологиялық қатер және төтенше жағдайда адам денсаулығына қауіпті ғана емес, оған қоса соғыс барысында Украинаның Запорожье АЭС-індегі болған оқиға сияқты бопсалау құралы дейді әлеуметтік-экологиялық қордың басшысы Қайша Атаханова. Ол мұның артында көптеген проблема тұрғанын, қазақстандықтарға АЭС салу жөніндегі референдум қарсаңында біржақты ақпарат беріліп, онда тек пайдалы жағы сөз болып жатқанын айтады. Сарапшы АЭС-тің қаупі мен салдары қандай болатыны жайында ақпарат өте аз деп есептейді. Голдман атындағы халықаралық экологиялық сыйлықтың лауреаты, биолог Қайша Атаханова – радиацияның адамдарға және қоршаған ортаға әсерін ширек ғасырдан астам зерттеп жүр. Ол бұрынғы Семей полигонында және оған іргелес жатқан аудандарда зерттеу жүргізген. Қарағанды университетінің генетика кафедрасында оқытушы болған.

  • “Қазақстан дұрыс бағытта”. Деколонизация, Украинадағы соғыс және Қаңтар. Балтық елшілерімен сұхбат

    Дархан ӨМІРБЕК Балтық мемлекеттерінің Қазақстандағы елшілері (солдан оңға қарай): Ирина Мангуле (Латвия), Эгидиюс Навикас (Литва ) және Тоомас Тирс. Совет одағы ыдырай бастағанда оның құрамынан бірінші болып Балтық елдері шыққан еді. Өзара ерекшеліктері бар болғанымен, сыртқы саясатта бірлігі мықты Латвия, Литва және Эстония мемлекеттері НАТО-ға да, Еуроодаққа да мүше болып, қазір көптеген өлшем бойынша әлемнің ең дамыған елдерінің қатарында тұр. Ресей Украинаға басып кіргенде Киевті бар күшімен қолдап, табандылық танытқан да осы үш ел. Соғыс басталғанына екі жыл толар қарсаңда Азаттық Балтық елдерінің Қазақстандағы елшілерімен сөйлесіп, екіжақты сауда, ортақ тарих, Ресей саясаты және адам құқығы тақырыбын талқылады. Сұхбат 8 ақпан күні алынды. “БІЗДЕ ҚАЗАҚСТАНДЫ ДҰРЫС БІЛМЕЙДІ” Азаттық: Сұхбатымызды Балтық елдері мен Қазақстан арасындағы сауда қатынасы

  • Бақсылар институты

    Сараптама (оқысаңыз өкінбейсіз) Бірінші, ілкіде Түркі баласында арнайы қаған құзіреті үшін жұмыс істейтін көріпкел бақсылар институты болған. Аты бақсы болғанымен ханның қырық кісілік ақылшысы еді. Көріпкел бақсылар хан кеңесі кезінде алдағы қандайда бір саяси оқиға мен ситуацияны күні бұртын болжап, дөп басып талдап һәм сараптап бере алатын соны қабілеттің иесі-тін. Оларды саяси көріпкелдер деп атаса да болады. Хан екінші бір елді жеңу үшін білек күшінен бөлек көріпкел бақсылардың стратегиялық болжауына да жүгінетін. Қарсылас елдің көріпкел бақсылары да оңай емес әрине. Екінші, уақыт өте келе саяси көріпкел бақсылар түркілік болмыстағы стратегиялық мектеп қалыптастырды. Түркі бақсылары қытай, үнді, парсы, ұрым елдерін жаулап алуда маңызды рөл атқарды. Ол кездегі жаһандық жауласулар жер, су,

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: