ЧЕШЕНДЕРДІҢ РЕСЕЙ СПЕЦНАЗЫНА ЖАУАБЫ
Марат Токашбаевтің facebook парақшасынан алынды
Интернеттегі ақпарат көздерінің деректеріне қарағанда 25-ақпанда Чешен Республикасы Шатой ауданындағы Борзой ауылында ресейлік спецназ тобы жергілікті жас жігітті жабылып тепкілеп мес қып тастаған. Бүкіл тістері, жағы сынған, басынан ауыр соққылар алған. Бұны естіп қандары қарайған жергілікті чешен жастары орыс әскерінің базасына басып кіріп спецназдың оқпен, отпен қорқытқандарына қарамастан 200-ден астам «оккупантты» тас-талқан еткен. Қаруларын тартып алып, өздерін сұлатып тастаған.
Блоггер Ерик Хартманның Фейсбуктегі парақшасына сілтеме жасаған Joinfo.ua сайты «чешендер осылайша Ресейдің 8-мотоатқыштар бригадасының жауынгерлеріне Ресейді қалай сүю керектігін іс жүзінде үйретті» деп жазады. Мұның өзі чешендердің бойында намыс пен азаттық рухы әлі де биік екендігін көрсетеді.
https://youtu.be/WHG5Hi2d8uA
Пікір қалдыру