Қазақстан бірқатар елдердің азаматтары құрбан болған 2016 жылғы 19 наурызда Ыстанбулда орын алған террорлық әрекетті үзілді-кесілді айыптайды. Қазақстан Түркия үкіметіне толық қолдау көрсететінін растайды және оның терроризмге қарсы күресіне ниеттестік білдіреді.
Әлем қауымдастығының мүшесі ретінде Қазақстан Түркиядағы жағдайға алаңдаушылығын білдіре отырып, терроризмді оның барлық түрлерінде және көріністерінде үзілді-кесілді айыптайды және бұл құбылысты жою үшін әлем қауымдастығының бірлесе күш салуын қолдайды. Қазақстан террористік әрекеттер бүкіл әлемнің қауіпсіздегі үшін қауіп-қатер деп санайды.
Халықаралық құқық қағидаларына және Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) Қауіпіздік Кеңесінің тиісті резолюцияларына жүгіне отырып, Қазақстан әлемнің барлық елдерін терроризм мен экстремизмнің жайылуына қарсы БҰҰ аясында бірлесе әрекет жасауға шақырады. Сондықтан Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев БҰҰ шеңберінде жасалған баяндамасында Жаһандық терроризмге қарсы коалиция (жүйе) құру жайында бастаманы жариялаған болатын.
Пікір қалдыру