|  | 

Жаһан жаңалықтары

Комиссия: “Ұшақты атқан зымыран – Ресейден”

MH17 ұшағының атып түсірілуін тексеру комиссиясы қорытындысын жариялап тұр. Нидерланд, Ньювегейн, 28 қыркүйек 2016 жыл

MH17 ұшағының атып түсірілуін тексеру комиссиясы қорытындысын жариялап тұр. Нидерланд, Ньювегейн, 28 қыркүйек 2016 жыл

Халықаралық тексеру тобы 2014 жылы малайзиялық ұшаққа зымыран атылған жерді анықтап, зымыран атқыш “Бук” кешені Ресейден келгенін хабарлады. Ресей тексеруден “саяси реңк” көреді.

Қыркүйектің 28-і күні Нидерландтағы Ньювегейн қаласында Халықаралық тексеру тобы 2014 жылы Украинаның шығысындағы Донецк облысында атып түсірілген Малайзияға тиесілі MH17 рейсті Boeing 777 жолаушылар ұшағына қатысты тергеу қорытындысын баспасөз мәслихатында жариялады. Тексерушілер жолаушылар ұшағына зымыран Снежное қаласынан алты шақырым жердегі Первомайск елді мекенінен атылғанын мәлімдеді. Бұл аймақ 2014 жылдан бері ресейшіл сепаратистердің бақылауында. Тексерушілер келтірген дәлел бойынша, зымыран ататын “Бук” кешені Украинаға Ресейден жеткізілген және ұшақты атып түсірген соң Ресейге қайта оралған.

Нидерландтың бас прокуроры Фред Вестербек “ұшақ өзге жағдайда апатқа ұшыраған”, “ұшақ ішінде теракт болған” немесе “басқа ұшақ шабуыл жасаған” деген болжамдарды жоққа шығарып, бұл шешіммен Ресейдің келіскенін хабарлады. Вестербек ресейліктердің “зымыран Зарощенское елді мекенінен атылды” деген уәждері расталмағынын айтты. Тексерушілер үшін зымыранды сепаратистердің өздері атқаны немесе оларға Ресей әскері көмектескені әзірге анық емес. Тексеру ісіне ұшақты атып түсіруге қатысы болуы мүмкін деген күдікке ілінген жүз шақты адам тартылған.

Комиссия баспасөз мәлихатында бұлтартпас айғақтың бірі ретінде 2014 жылғы шілденің 16-17 күндері сепаратистердің ресейлік “Бук” қондырғысы туралы телефон арқылы айтқан әңгіме үзіндісін келтірді.

Халықаралық комиссия мүшелерінің MH17 ұшағының қалдығын тексеруп тұрған сәті. Шығыс Украина, тамыз 2014 жыл

Халықаралық комиссия мүшелерінің MH17 ұшағының қалдығын тексеруп тұрған сәті. Шығыс Украина, тамыз 2014 жыл

 

Халықаралық тексеру комиссиясы қорытындысын Гаага халықаралық сотына тапсырмақ. Соның негізінде ұшақты атып түсіру бойынша қылмыстық іс қозғалуы мүмкін. Тексеру тобының құрамына БҰҰ қауіпсіздік комитетінің қарарына сәйкес Нидерланд, Австралия, Малайзия, Бельгия және Украина елдерінің өкілдері кірген.

Дүйсенбі күні Ресей қорғаныс министрлігі зымыран ұшуын анықтайтын радарларға түскен мәлімет қорын жариялап, “ракетаның сепаратистер аймағынан атылмағанын” хабарлаған болатын. Сәрсенбіде Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков қорғаныс министрлігінің мәлімдемесін қолдап, “айғақтар күмән тудырмайды” деді. Ал Ресей сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мария Захарова MH17 ​ұшағын атып түсіруге қатысты тексеру тобының тұжырымы өзгермегеніне қынжылыс танытып, Нидерланд прокуратурасы тергеуді “бір жақты”, “саяси реңкпен қарағанын” хабарлады.

Malaysia Airlines компаниясының Boeing 777 ұшағы 2014 жылы шілденің 17-сі күні Амстердамнан Куала-Лумпурға MH17 рейсін орындау үшін ұшып шыққан. Ұшақ Украинаның оңтүстік-шығысында қақтығыстар жүріп жатқан Донецк облысының үстінде атып түсірілген.

Ұшақтағы 298 адам түгел қаза тапты. Олардың көбі – Нидерланд азаматтары. Бұл жағдай авиация тарихындағы ең ірі 10 қаралы оқиғаның біріне айналды.

Азат Еуропа / Азаттық радиосы

Related Articles

  • Си Цзиньпиннің қытай әскери басшылығын “тазалауы” нені білдіреді?

    Си Цзиньпиннің қытай әскери басшылығын “тазалауы” нені білдіреді?

    Рид СТЭНДИШ Ресей президенті Владимир Путин (оң жақта) елге сапармен келген қытай генералы Чжан Юсямен қол алысып тұр. 2017 жыл. Өткен аптаның аяғында Қытайдың Орталық әскери комиссиясы төрағасының орынбасары қызметінен әрі Қытай коммунистік партиясы саяси бюросының мүшелігінен босатылды. Әскери басшылықтағы мұндай жоғары шенді тұлғаның орнынан алынуы Пекиннің Тайваньға қатысты жоспарына, АҚШ-пен бәсекесіне және аймақтағы тұрақты ойыншы ретіндегі рөліне қатысты бірқатар сұрақ туғызып отыр. 24 қаңтар күні Пекин қызметтен босатылған генерал Чжан Юся (Қытай басшысы Си Цзиньпиннің көп жылдан бергі сенімді серігі болған) тергеуге алынды деп хабарлады. Тосын шешімнен кейін Си Цзиньпин әскери басшылық шыңында жалғыз өзі қалды. Қытайды зерттеуші сарапшылар мұның билік сабақтастығына елеулі салдары болады дейді. Ал Пекиннің серіктестері

  • Tridon Mk2 зениттік қондырғы

    Tridon Mk2 зениттік қондырғы

    Швеция мен Дания Украинаға арнап британ-швед өндірісіндегі заманауи Tridon Mk2 зениттік қондырғыларын сатып алуға бірігіп кірісті. Кешен әсіресе жақын қашықтықта ұшатын ирандық «Шахед» дрондарына қарсы ең тиімді қарудың бірі. Қазіргі уақытта Tridon Mk2 өз класындағы ең озық әуе шабуылына қарсы жүйе саналады. Tridon Mk2 зениттік қондырғысының басты ерекшелігі атыс қарқыны. Ол минутына 300 оққа дейін жаудыра алады. Осылайша әуе кеңістігіне енетін шағын дрондардың көзін жылдам әрі дәл жоюға мүмкіндік туады. Тағы бір артықшылығы атылатын 40-мм снарядтардың құны небәрі 27 долларды құрайды. Экономикалық тұрғыдан тиімді екенін дәлелдейді. Қару-жарақ саласындағы мамандар Украинадағы әскери қақтығыстарды ескере отырып, арзан әрі тиімді әуе қорғанысы қаруына сұраныс жоғары екенін айтады. Tridon Mk2 жүйесінде қолданылатын арнайы британдық

  • Келешекте қай салаларды дамыту керек?

    Келешекте қай салаларды дамыту керек?

    Инвестордан артық қатаң реалист жоқ қой. Ол салған ақшасы өзіне еселеп қайтуы үшін тек перспективасы мол, келешегі жарқын салаларды таңдайды. JPMorganChase АҚШ-тағы, әлемдегі ең ірі банктің бірі ретінде алдағы 10 жылда 1,5 трлн доллар инвестиция құятынын қараша айында жариялады. Сөйтіп, негізгі 4 бағытты таңдаған. Олар ары қарай 27 салаға бөлінеді: – Озық технология: робототехника, фармакология, аса маңызды минералдар – Қорғаныс, аэроғарыш өндірісі: байланыстың жаңа буыны, мүлде жаңа дрондар – Энергетикалық тәуелсіздік: күн, атом, жаңа батареялар – Стратегиялық технология: ЖИ, киберқауіпсіздік, кванттық есептеу Арғы жағындағы 27 саланы оқысаң, мына банк әлемдік соғысқа дайындалып жатқан сияқты көрінеді. Себебі гипердыбыстағы ракета, 6G байланыс, ғарыш, адамсыз технология деп кете береді. Энергия көздерінің түр-түрі. Екінші

  • Зеленский Уиткофф және Кушнермен “мазмұнды әңгіме” болғанын айтты

    Зеленский Уиткофф және Кушнермен “мазмұнды әңгіме” болғанын айтты

    Владимир Зеленский  Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ президентінің арнайы уәкілі Стив Уиткофф және Трамптың күйеубаласы Джаред Кушнермен телефонмен “мәнді әрі конструктивті” әңгімелескенін хабарлады. Уиткофф пен Кушнер 2 желтоқсанда Мәскеуде Ресей президенті Владимир Путинмен кездескен. “Біз көптеген аспектіге назар аудардық және қантөгісті тоқтатып, Ресейдің үшінші рет басып кіру қаупін жоюға кепілдік беретін маңызды жайттарды, сонымен бірге Ресейдің өткен жолғыдай уәдесін орындамау қаупі сияқты нәрселерді талқыладық” деді Зеленский. Әңгімеге сонымен бірге қазір АҚШ-та жүрген Украина ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің хатшысы Рустем Умеров, қарулы штабтың бастығы Андрей Гнатов қатысқан. Axios дерегінше, әңгіме екі сағатқа созылған. Келіссөздерден хабары бар дереккөздің айтуынша, Уиткофф пен Кушнер екі жақтың да талаптарын жинап жатыр және Путинді де, Зеленскийді де

  • Зеленскийдің “жалғыз сенері әрі оң қолы”. Андрей Ермак кім?

    Зеленскийдің “жалғыз сенері әрі оң қолы”. Андрей Ермак кім?

    Рэй ФЕРЛОНГ Андрей Ермак (сол жақта) пен Украина президенті Владимир Зеленский (оң жақта). 2019 жыл. Андрей Ермак ұшақтан түсе сала өзінің бастығын құшақтады. 2019 жылы қыркүйекте президент Зеленскиймен жылы жүздесу жаңадан басталып келе жатқан саяси серіктестіктің басы еді. Бұл – Ермактың Ресей түрмесінде отырған 35 украиналықты Мәскеуден алып келген сәті. Ал 2020 жылы Ермак Зеленский әкімшілігінің басшысы болды. Бірақ Украинадағы жемқорлық шуынан кейін оның қызметіне жұрттың назары ауды. Себебі Ермак Украина энергетикалық инфрақұрылымына бөлінген қаржы жымқырылған коррупция схемасында негізгі рөлде болған деген ақпарат тараған. Бірақ тергеушілер бұл жайттың жай-жапсарын толық ашқан жоқ. Ермактың өзі Азаттықтың Украина қызметінің ресми сауалдарына жауап берген жоқ. Сонымен Зеленскийдің кеңсесін басқарып отырған Ермак кім? ТЕЛЕВИДЕНИЕДЕН

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: