Сирияның солтүстігінде ИМ тобының ондаған адамы оққа ұшқан
Сирияның солтүстігінде соңғы тәулікте «Ислам мемлекеті» экстремистік ұйымының қырыққа жуық қарулы мүшесінің көзі жойылған. Бұл туралы хабарлаған Түркиядағы әскери дерек көздерінің айтуынша, Түркияның қолдауына сүйенген көтерілісшілер жихадшыларға қарсы соғысып жатқан аудандарда шайқас үдей түскен.
Reuters агенттігінің хабарлауынша, түрік әскери танкілері мен ұшақтарының қолдауымен сириялық көтерілісшілер жихадшылар бақылауындағы Дабик қаласына жақындаған. Сирияның солтүстігіндегі Түркиямен шекаралас аудандарда «Ислам мемлекеті» экстремистік тобына қарсы операция тамыз айында басталған.
Азат Еуропа / Азаттық радиосы
Пікір қалдыру