|  | 

Саясат

МИРЗОЯН КӨШЕСІНІҢ АТЫ ӨЗГЕРДІ

1318063258_almaty_na_zakaz-040

Бұл да «Алматы ақшамын­да» талай көтерілген мәселе еді. Таяуда Алматы қаласы мәсли­хатының шешімімен бірқатар көшелердің аты жаңаша атала­тын болды. Атап айтсақ, төмен­дегі көшелердің атаулары:

Алматы қаласы Алатау ауда­ны бойынша:

«Көкқайнар» шағынауда­нындағы Абай көшесі – Әзірбайжан Мәмбетов көшесі;

«Әйгерім-1,2» шағынауданындағы Ленин көшесі – Василий Бенберин көшесі;

Алматы қаласы Алмалы ауданы бойынша:

Левон Мирзоян көшесі – Шапық Шөкин көшесі;

Алматы қаласы Бостандық ауданы бойынша:

8-линия көшесі – Ербол Сыпа­таев көшесі;

Алматы қаласы Медеу ауданы бойынша:

«Көктөбе» шағынауданын­дағы Жамбыл Жабаев көшесі – Роза Бағланова көшесі;

Алматы қаласы Наурызбай ауданы бойынша:

«Қалқаман-2» шағынауда­нындағы Мұхтар Әуезов көшесі – Бәйкен Әшімов көшесі болып қайта аталатын болды.

 

Алматы қаласы әкімдігінің және Алматы қаласы мәслихатының бірлескен қаулысы және шешімін мемлекеттік тіркеу туралы

АҚПАРАТ

Алматы қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 16 қарашадағы №4/543 және VІ сайланған Алматы қаласы мәслихатының Х сессиясының 2016 жылғы 15 қарашадағы №51 «Алматы қаласының кейбір көшелерін қайта атау туралы» бірлескен қаулысы және шешімі 2016 жылғы 28 қарашада Алматы қаласы Әділет департаментімен нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 1329 нөмірімен енгізілді.

Алматы қаласы әкімдігінің ҚАУЛЫСЫ

2016 жылғы 16қараша №4/543

Алматы қаласы мәслихатының ШЕШІМІ

2016 жылғы 15 қараша № 51

Алматы қаласының кейбір кӨшелерін қайта атау туралы

Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 13-бабына cәйкес, Алматы қаласы тұрғындарының пікірін ескере отырып, Алматы қаласы ономастика комиссиясының 2016 жылғы 29 тамыздағы және Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының 2016 жылғы 23 қыркүйектегі қорытындыларының негізінде, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және VІ сайланған Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

  1. Төмендегі көшелердің атаулары:

Алматы қаласы Алатау ауданы бойынша:

«Көкқайнар» шағынауданындағы Абай көшесі — Әзірбайжан Мәмбетов көшесі;

«Әйгерім-1,2» шағынауданындағы Ленин көшесі — Василий Бенберин көшесі;

Алматы қаласы Алмалы ауданы бойынша:

Левон Мирзоян көшесі — Шапық Шөкин көшесі;

Алматы қаласы Бостандық ауданы бойынша:

8-линия көшесі — Ербол Сыпатаев көшесі;

Алматы қаласы Медеу ауданы бойынша:

«Көктөбе» шағынауданындағы Жамбыл Жабаев көшесі — Роза Бағланова көшесі;

Алматы қаласы Наурызбай ауданы бойынша:

«Қалқаман-2» шағынауданындағы Мұхтар Әуезов көшесі —Бәйкен Әшімов көшесі болып қайта аталсын.

  1. Алматы қаласы Алатау, Алмалы, Бостандық, Медеу, Наурызбай аудандарының әкімдері, «Алматы қаласы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы», «Алматы қаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы», «Алматы қаласы Сәулет және қала құрылысы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемелері осы қаулы мен шешімді іске асыру жөнінде қажетті шараларды қабылдасын.
  2. Алматы қаласы мәслихатының аппараты осы қаулы мен шешімді интернет-ресурста орналастыруды қамтамасыз етсін.
  3. Осы қаулы мен шешімнің орындалуын бақылау Алматы қаласы мәслихатының әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі тұрақты комиссиясының төрайымы Х. Есеноваға және Алматы қаласы әкімінің орынбасары А. Қырықбаевқа жүктелсін (келісім бойынша).
  4. Осы Алматы қаласы әкімдігінің қаулысы және мәслихатының шешімі әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Алматы қаласының әкімі Б. Байбек.

 

VІ сайланған Алматы қаласы мәслихаты

Х сессиясының төрайымы Р. Бадаева.

 

VІ сайланған Алматы қаласы

мәслихатының хатшысы Қ. Қазанбаев.

«Алматы ақшамы» газеті

Related Articles

  • “Төңкеріс жасауға машықтанғандар” кім? Қаңтар құпиясы ашылса, салдары не болады? Депутатпен сұхбат

    “Төңкеріс жасауға машықтанғандар” кім? Қаңтар құпиясы ашылса, салдары не болады? Депутатпен сұхбат

    Нұрбек ТҮСІПХАН Қазақстан парламенті мәжілісінің депутаты, заңгер Абзал Құспан Азаттыққа сұхбат беріп отыр. Астана, 26 қазан, 2023 жыл Қаңтарды кім ұйымдастырғанын билік біле ме, білсе неге ашық айтпады? Парламентте неге Қаңтар бойынша тағы тыңдау өтпейді? Президент Тоқаев Қаңтар “төңкеріс жасауға әбден машықтанған мамандардың жетекшілігімен” ұйымдастырылды деді. Олар кімдер? Мәжіліс депутаты Абзал Құспан осы сұрақтарға жауап берді Азаттық: Абзал мырза, сіз – Қаңтар оқиғасына бір тараптан емес, жан-жағынан қарауға мүмкіндік алған адамсыз. Ең алдымен сол оқиғаға тікелей қатыстыңыз, жұртты алаңға шығуға шақырдыңыз. Одан кейін қанды қырғында қамауға алынғандарды босатуға ат салысып, заңгер ретінде де араластыңыз. Одан бөлек мәжіліс депутаты есебінде де жаңа бір ракурстан қарап отырсыз. Айтыңызшы, жан-жағынан қарағанда Қаңтар оқиғасында сізге

  • Атеистер мен тәңіршілдерге мың алғыс! 

    Атеистер мен тәңіршілдерге мың алғыс! 

    Елдес Орда Сурет: Автордың жеке архивінен алынды. Қазақ қоғамында жаңа интеллектуалдық кезең туып келеді. Бірінші, қазіргі қазақ қоғамында сенім мәселесіне қатысты пікірталастардың күшеюі кездейсоқ құбылыс емес. Бұл дегеніңіз әлеуметтік желілердің, ашық ақпараттық кеңістіктің және жаһандық интеллектуалдық ағымдардың ықпалымен қалыптасқан жаңа қоғамдық ойлау формасының көрінісі. Атеистік көзқарастардың ашық айтылуы, тәңіршілдік идеялардың қайта жаңғыруы және дәстүрлі діни орта арасындағы пікір қақтығысы зиялы ортада алаңдаушылық тудырғанымен, шын мәнінде бұл құбылыс қоғамның рухани әлсіреуін емес, саналы ізденіске бет бұрғанын көрсетеді. Екінші, ұзақ уақыт бойы қазақ қоғамындағы діни дискурс негізінен МОНОЛОГТЫҚсипатта болды. Уағыз айтылды, ал тыңдаушы тарап оны талқылаусыз қабылдауға тиіс еді. Сұрақ қою күмәнмен, күмән әлсіз иманмен теңестірілді. Мұндай ортада сенім дәлелдеуді емес, қайталауды талап етті. Ғылыми

  • Қытай интеллигенциясы қытай иероглифін сынады, қытай тілін емес…

    Қытай интеллигенциясы қытай иероглифін сынады, қытай тілін емес…

    Қазір әлеуметтік желіде кейбір қазақ зиялыларының қазақ тілін сынаған пікірі тарап жүр. Есіме бір кездері Қытай интеллигенциясының қытай иероглифін сынағаны түсіп кетті. 20- ғасырдың алғашқы ширегінде қытайдың дәстүрлі иероглифтерін сынамаған зиялы кемде кем. *** *** *** “Иероглифтерде заманауи идеялар мен теорияларды жеткізетін сөздік қор жоқ, әрі олар зиянды ойлардың ұясына айналады. Оларды жоюда ұят жоқ” деп жазды 1918 жылы Қытай Коммунистік партиясының негізін қалаушылардың бірі әрі Жаңа мәдениет қозғалысының жетекші қайраткері Чэнь Дусю (陈独秀). Қытай иероглифін қатты сынаушылардың қатарында тағы да Қытай коммунистік қозғалыстың жетекшілерінің бірі Цюй Цюбай (瞿秋白) де болған. Ол тіпті 1931 жылы “Қытай иероглифтері шын мәнінде әлемдегі ең лас, ең жексұрын әрі ең жиренішті нәрсе. Тіпті ортағасырлық

  • Зеленскийдің “жалғыз сенері әрі оң қолы”. Андрей Ермак кім?

    Зеленскийдің “жалғыз сенері әрі оң қолы”. Андрей Ермак кім?

    Рэй ФЕРЛОНГ Андрей Ермак (сол жақта) пен Украина президенті Владимир Зеленский (оң жақта). 2019 жыл. Андрей Ермак ұшақтан түсе сала өзінің бастығын құшақтады. 2019 жылы қыркүйекте президент Зеленскиймен жылы жүздесу жаңадан басталып келе жатқан саяси серіктестіктің басы еді. Бұл – Ермактың Ресей түрмесінде отырған 35 украиналықты Мәскеуден алып келген сәті. Ал 2020 жылы Ермак Зеленский әкімшілігінің басшысы болды. Бірақ Украинадағы жемқорлық шуынан кейін оның қызметіне жұрттың назары ауды. Себебі Ермак Украина энергетикалық инфрақұрылымына бөлінген қаржы жымқырылған коррупция схемасында негізгі рөлде болған деген ақпарат тараған. Бірақ тергеушілер бұл жайттың жай-жапсарын толық ашқан жоқ. Ермактың өзі Азаттықтың Украина қызметінің ресми сауалдарына жауап берген жоқ. Сонымен Зеленскийдің кеңсесін басқарып отырған Ермак кім? ТЕЛЕВИДЕНИЕДЕН

  • Тоқаев Нью-Йоркте Зеленскиймен кездесті

    Тоқаев Нью-Йоркте Зеленскиймен кездесті

    Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Нью-Йоркте Украина президенті Владимир Зеленскиймен кездесті. 22 қыркүйек 2025 жыл. Тоқаев пен Зеленский. Сурет: Ақорда 21 қыркүйек күні Қазақстан президенті БҰҰ Бас ассамблеясына барған сапарында Нью-Йоркте Украина президенті Владимир Зеленскиймен кездесті. Ақорда баспасөз қызметінің хабарлауынша, президенттер екіжақты экономикалық және гуманитарлық ынтымақтастық мәселелерін талқылаған. Сондай-ақ, Зеленский “Украинадағы жағдайға байланысты көзқарасын” білдірген, ал Қазақстан басшысы “қақтығысты тоқтату мақсатында дипломатиялық жұмыстарды жалғастыру қажет” деген. Зеленский осы кездесу туралы мәлімдемесінде Украина, АҚШ, Еуропа және өзге елдердің соғысты тоқтату жөніндегі талпынысын талқылағанын айтты. Оның сөзінше, қос басшы сондай-ақ екіжақты сауда-экономикалық әріптестікті, қазақстандық компаниялардың Украинаны қалпына келтіру ісіне қатысуға деген қызығушылығын сөз еткен. 2022 жылғы ақпанда Украинаға басып кірген Ресей Қазақстанның ең

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: