АЛАТАУДЫҢ АҚИЫҒЫ
СҮЙІНБАЙ – 200 Биыл арқалы ақын Сүйінбай Аронұлының туғанына 200 жыл толып отыр. Ұлттың ұраншысы болған алаш ардақтысының бұл мерейлі белесі Қазақ хандығының 550 жылдығымен тұспа-тұс келуімен де маңызды. Осыған орай Халықаралық Түркі академиясы 9 маусым күні Астанада халықаралық рухани-танымдық кеш өткізеді. Алқалы жиынның қарсаңында академия басшысы Д.Қыдырәлінің мақаласын беруді жөн көрдік. Дархан ҚЫДЫРӘЛІ, Халықаралық Түркі академиясының президенті, тарих ғылымдарының докторыБиыл құрылғанына 550 жыл болған қазақ хандығының жарқын сәттері мен жеңісті жолдары жайында сөз қозғағанда, Алаш тарихының ақтаңдақтары туралы да айтуды ұмытпаған абзал. Бұл орайда, толқымалы терең тарихында талай алмағайып замандарды, қилы қанды қырғындарды көрген қазақ халқының ең тақсіретті кезеңі ХІХ ғасырда басталғаны белгілі. Орта жүзде Уәли хан 1819 жылы