Алматыдағы атыс нені байқатты.
Бүгін Алматыда оқыс оқиға орын алды. Құқық қорғау мекемесіне баса-көктеп келген бөгде адам кіре берісте отырған кезекші полицейді жарақаттап, автоматын тартып алып кеткені хабарланды. Әлеуметтік желі арқылы тараған алғашқы ақпараттан кейін оқиға орнына шұғыл жеткенімізде Алмалы аудандық ішкі істер бөлімінің қоршауға алынғанын көрдік. Онан кейін Никольск базарының алдында машинасына оқ тиген куәгермен жолықтық. Куәгер жігіттің айтуынша оқиға болғанына бірнеше сағат болғанымен бірде-бір құқық қорғау қызметкері келмепті. Оқиғаны көзімен көрген сол жерде тұрған сатушыларда бірдеңе деуге қорқады. «Байқа, ертең келіп алып кетеді» деген өзара әңгімелеріне қарап олардың әлдекімдерден қатты сескенетінін бірден аңғаруға болады. Оқиғадан кейін үш сағат өткенде барып ресми ақпараттар жария бола бастады. Бірақ сол мезетте, яғни оқиға орнында жүрген