Алматы көшелеріне Тәуке, Есім, Керей мен Жәнібек хандардың есімдері беріледі
Алматыдағы мағынасыз және атаусыз көшелерге қазақтың хандары мен сұлтандарының есімдері беріледі. Бұл туралы тілдерді дамыту басқармасы мәлімдеді. Алматыдағы кейбір көше аттарын өзгерту келесі жылы қайта қолға алынады. Өйткені биыл торап аттарын түзеуге тыйым салынған. Ал ономастика мамандары ескірген есімдер мен аты қайталанатын даңғылдардың тізімін жасақтап қойыпты. Соған сәйкес, Алматыдағы 90 көшенің аты мүлдем жоқ болса, 50 даңғылдың есімі ескіріпті. Ал 165 көшенің аты қайталанады. Мораторий аяқталысымен, тіл мамандары алдымен Наурызбай ауданындағы атаусыз көшелерге ат беруге білек сыбана кіріспек. «Ең бірінші жұмыс — Алматы қаласында атауы жоқ көшелерге атау береміз. Одан кейін қайталантын көшелерді қарастырамыз. Одан соң тарихи-ескірген «Вишневая», «Грушевая», «Кирпичная», «Заводская» және тағы да басқа осы сияқты көшелердің атын