Жантемір Баймұхамедов: Голощекиннің ашаршылығында Қазақстанда адам етін де жеген
ҚазТАГ – Мәдина Әлімханова. 1920-шы жылдың соңындағы Қазақстан Компартиясының ОК бірінші хатшысы Филлипп Голощекиннің реформасынан кейін басталған ашаршылықтағы каннибаллизм деректері ресми құжаттармен және фотосуреттермен расталып отыр. Бірақ қазіргі заман оқулықтарына осы және басқа да деректер кірмей қалған. Сондықтан балалар мен жастар үшін танымдық фильмдер ең жақсы оқулық бола алады, деп есептейді «Алматы құпиялары» атты деректі фильм авторы Жантемір Баймұхамедов. – Сізді барлығы шоумен, әзілқой ретінде таниды. Неге кенет сіз Алматы құпияларын ашпақшы болдыңыз? – Кездейсоқтық, абсолютті түрде кездейсоқтық. Бір күні таңертең біздің 28 гвардияшыл бақты аралап жүріп мен бейітті көрдім. Одан соң оны Николай Долматовқа (жобаның тең продюссері – ҚазТАГ) көрсетіп, айтып бердім. Оған да қызық болды. Ол адвокат болғандықтан