АЯГӨЗ ДЕГЕН……
Аягөз ауданы — Шығыс Қазақстан облысының ауданы. Жері 49,5 мың км². Тұрғыны 80 мыңға жуық.Аудан орталығы — Аягөз қаласы. Аягөз ауданының солтүстігі сай-жыралы, өзенді, көлді, оңтүстігі Балқаш-Алакөл ойысыменастасқан жазық болып келеді. Климаты тым континенттік, жазы ыстық, қысы суық. Қаңтардағы орташа ауа темп-расы — 170С, шілдеде 220С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлш. 200 — 400 мм. Қар қазанның ақыры — қарашаның басында түсіп, сәуірге дейін жатады. Аудан аумағынан Аягөз т.б. кішігірім өзендер ағып өтеді. Топырағы сортаң, кей жерде қоңыр және сұрғылт. Табиғи өсімдіктерден боз, бетеге т.б. өсімдіктер өседі. Жабайы аңдардан: арқар, қасқыр, аю, түлкі, борсық, қоян, сартышқан, құстан: қаз, үйрек,шағала т.б. мекендейді. Тұрғындарының орташа тығызд. 1 км² жерге 2 адамнан келеді..