Ресейдің жалған сарапшылары
Өзі ақын, өзі блогшы Эдуард Чесноков ресейлік «Известия» басылымына жиі комментарий беретін бесаспап «сарапшыға» айналды. Мұхтар ЕКЕЙ Кей кездері ол жай «кіші ғылыми қызметкер» бола қалады. Сонымен бірге, керек кезінде әдеби сыншы да, өнер сыншысы да, журналист те, бұқаралық коммуникация бойынша маман да бола алатын бесаспап жігіт. Кремльді жақтайтын «Известия» газетіне қандай «сарапшы» қажет болса, Эдуард Чесноков сол маманның кейпіне ене қалатын сияқты. Әдебиет институтының түлегі Чесноковтың аты-жөнін интернеттен теріп, оның соңғы бір жыл ішінде жазғандарын сүзгіден өткізіп шықсаңыз, бұл жігіттің өзгермейтін бір ғана қасиетін байқайсыз: ол өкіметке жан-тәнімен сенеді. «Ақпараттық коммуникация жөніндегі сарапшы» рөліне кірген ол мемлекеттік қызметкерлер әлеуметтік желідегі өз аккаунтында жарнама бермеуі керек деген ұсынысты қолдап: –