АЙМАННЫҢ ЖАНАЙҚАЙЫНА МИНИСТРЛІК ЖАУАБЫ
Естеріңізде болса, Қарасай ауданындағы Жаңатұрмыс орта мектебінің мұғалімі Айман Сағидуллаеваның жанайқайы туралы Abai.kz порталы да бірқатар БАҚ-тың қатарында мәселелер көтеріп, материалдар, хаттаржариялады. Қоғамдық талқы мен талап текке қалмаса керек, Abai.kz поштасына Айман Сағидуллаева жіберген Министрліктің ақпараттық хабарламасын назарларыңызға ұсынамыз: Қазіргі күні бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде кейбір өңірлердегі, дәлірек айтқанда Алматы облысы, Қарасай ауданына қарасты Жаңатұрмыс орта мектебінің мұғалімі А.Сағидоллаеваның мектеп мұғалімдері еңбегінің заңсыз пайдаланатындығы жөніндегі үндеуі және жалпы мұғалімдердің мәртебесіне қатысты ақпараттардың тарап жатқаны белгілі. ҚР Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) осы мәселеге қатысты мынаны хабарлайды: Аталған мәселеге қозғау салған Алматы облысы Қарасай ауданына қарасты Жаңатұрмыс орта мектебінің мұғалімі А.Сағидоллаеваның осы жылдың мамыр айында