БОРАТТЫҢ БАСЫНА СУ ҚҰЙҒАН БҮРКІТШІ ҚЫЗ (ВИДЕО)
Қазақты бүкіл әлемге Айшолпан танытты. Пәлен министрлік, ондаған саясаткер жасай алмағанды ол жасады. ВВС,СNN ол туралы фильм түсіріп, Оскардан үмітті. 13 жастағы кішкентай қыздың бір мықтылығы Монғол елінің азаматы болса да өзінің қазақ екенін, туған жері Алтай тауы екенін әлем журналистеріне жете түсіндіруінде. Осы бір қаршадай қыздың арқасында Батыс жұрты Боратты ұмытып, қазақты жақсы қырынан тани бастады. Монғолияда ол ең абыройлы қазақтың бірегейі. Автор: Қуандық Шамахайұлы Фейсбуктегі парақшасынан