БҰҰ-мен ынтымақтастықтың ширек ғасыры
Осыдан тура 25 жыл бұрын Қазақстан Біріккен Ұлттар ұйымының толық құқылы мүшесі болды. Бұл туралы 1992 жылғы 2 наурызда БҰҰ Бас Ассамблеясының тиісті қарары (46/224) шыққан болатын. Осыған орай Елбасының әр жылдарда БҰҰ Бас хатшыларымен кездесуі кезінде түсірілген бірнеше фотосуретті фейсбук пайдаланушылары назарына ұсынып отырмыз-деп жазды Ақорда баспасөз қызеті.