Гүлзина БЕКТАС. АЛТАЙЫНЫҢ ОРМАНЫНА ҚАЙТА ОРАЛҒАН ҚАРАҒАЙ
(Дидахмет Әшімханұлы туралы бір үзік сыр) «…Көркем шығармада, мейлі, қанша кейіпкер болмасын, оның басты кейіпкері біреу-ақ. Ол – шығарма атты кең сахнада бүкіл рөлді жалғыз ойнап шығатын ұлы актер – автордың өзі. Ол қай кейіпкерінің аузынан сөйлесе де, алдымен оның характерін ашуға, одан типтік бейне жасауға, сосын шығарманың ішкі иірімінде өзінің өмірге, қоғамға деген жеке көзқарасын білдіруге, адамдар арасындағы күрделі, күресті қарым-қатынастардың сыр-сипатын ашуға ұмтылады; сан түрлі құбылыстарға өзіндік бағасын береді; осы арқылы өзі өмір сүріп отырған ортаның немесе белгілі бір уақыттың психологиялық болмысын көрсетеді» дейді. Мұны айтып отырған жазушы Дидахмет Әшімханұлы. Иә, Дидағаның прозалық бес жинағы бар екен. Бес кітабының да бас кейіпкері өзі. Прозалық шығармалары бесеу ғана болғанымен,