Батырxан Құрмансейіт: Жапония – елімізбен дипломатиялық қатынас орнатуға асыққан алғашқы елдердің бірі
ҚазАқпарат – Бүгінгі күн Қазақстан мен Жапония қарым-қатынастары үшін ерекше дата. Осыдан 25 жыл бұрын 1992 жылдың 26 қантарында екі ел арасында дипломатиялық қатынастар орнатылып, 1993 жылы Алматыда Жапонияның елшілігі, 1997 жылы Токиода Қазақстанның елшілігі ашылды. Қазақ-жапон қарым-қатынасының 25 жылдығына байланысты жапонтанушы, PhD докторы, Қазақстанның Жапониядағы Елшілігінде кеңесші-уәкіл, ҚР Президент Әкімшілігі Сыртқы саясат орталығында инспектор болып қызмет атқарған және қазіргі таңда «Жапония Достық алмасулар халықаралық кеңесі (FEC)» ұйымының Қазақстандағы өкілі Батырxан Құрмансейітпен «ҚазАқпарат» тілшісі сұхбаттасты. – Батырхан Құрмансейітұлы, бүгін 26 қаңтар Қазақстан мен Жапония арасында дипломатиялық қатынастардың орнатылғанына 25 жыл толып отыр. Тарихқа көз жүгіртсек, 1991 жылдың 28 желтоқсанында Жапония Қазақстанның тəуелсіздігін мойындады. 1992 жылдың 26 қантарында Қазақстан мен Жапония