Қандасымыз миллиард қытайдың ішіндегі он үздік еңбек ерінің қатарына кірді
Еңбекшіл, жапакештігімен әлемді таңқалдырған қытайдың арасынан сурылып алға озу, миллиардтар тасқынынан дараланып шығу екінің біріне бұйырмақ емес. Алайда, бұндай ерлік қытайда тұратын қандасымыз Бақытқан Қазезұлының қолынан келді. Қаңтардың 17 күні Қытай астанасы Бейжіңде елді елеңдетіп, дүбірі жер жарған үлкен бір салтанатты шара өтті. «Байтақ алаптың ұландары – 2015 жылғы мемлекеттік 10 үздік диқанды бағалау сыйлық тарату салты» деп аталатын салтанатты жиынды Қытай орталық телевизиясының 7 арнасы ұйымдастырып, көрсетті. Барша жұрттың, миллиондаған көрерменнің назары бүкіл ел бойынша, 55 ұлттың арасынан сараланып шыққан, миллиардтың ішінен маңдайы жарқырап, сахна төрінде тұрған 10 үздік еңбек еріне ауды. Міне солардың қатарында Шыңжаңдағы Ерентаудың қойнауына қоныс тепкен Құтыби ауданы, Торғайты қалашығы, Торғайты ауылынан келген қазақ