Жанболат Аупбаев. Жалайыр Шора
Мақаламызға өзек етіп алғалы отырған кейіпкеріміз туралы аңыздарды 10-12 жасымыздан бастап естіген шығармыз, сірә. Ертегі іспетті сол әңгімелердің айтар ойы бір ғана нәрсеге келіп тірелетін. Ол – өткен заманда Жалайыр Шора деген ғажап құсбегінің өмір сүргендігі. Оның ерекше қасиеті – саятшылықтың небір құпияларын жете меңгеріп қана қоймай, құстардың да тілін білетін адам болғандығы. Сондықтан одан бүркіт, лашын, қаршыға, ителгі, қырғи атаулы айласын асыра алмай, амал жоқ, айтқанына көніп, айдауына жүргендігі. Бала күніміздегі ақсақалдар айтқан әфсаналар шамамен, міне, осындай мазмұнда болып келетін. Қазір: «Мына қария, ана аға осылай деген еді», – десек: «Ой, қойшы… Жоқтан өзгені сөз етіп… Қазір оған кім сенеді?» деген сөздердің айтылып қалуы бек мүмкін. Бірақ аңыздың болғандығы