ЖУРНАЛИСТЕР ОДАҒЫНЫҢ ЖҰМЫСЫН жандандыру қажет
Жаңа көзқарас, бір пікір Қазақ журналистері “Қазақ тілді кәсіби журналист” атты бірлестік құрған екен. НИЕТ ДҰРЫС. Дұрыс дейтінім, қазақ тілді журналистер қоғамның, тіпті биліктің назарынан тыстау, өз бетімен өмір сүріп келді. Осы күнге дейін қазақ журналистерінің не жазып жатқанын түгендейтін (шетелше айтқанда мониторлайтын) не бір қоғамдық ұйымдар, не билік болмады. Үкіметтік ұйымдар Журналистер күнінде, не республикалық мейрамдарда өздерінің көзіне түскен журналистерді марапаттай салуды әдетке айналдырған. Оларда журналистер туралы “Мынау қоғамның дамуына лайықты үлес қосып жатыр ау” деген квалификациялық ой түстеріне кірген емес. Ашығын айтқанда, осы таяуға дейін ҚАЗАҚСТАН ЖУРНАЛИСТЕР ОДАҒЫ” атты қоғам өмір сүріп келген. Оны басқарған Сейтқазы МАТАЕВ мырза туралы жаман ой, пікір білдіру тіпті ниетімде жоқ. Дегенмен, қай
