ЖАТ ЖЕРДЕ ҚАЛҒАН ҚАЗАҚТАР
Кеңестік жылдары қазақ халқына қарсы жасалған большевиктердің зұлымдық саясатының құрбаны болған талай мыңдаған, миллиондаған қазақтың сүйегі атажұртынан тыс жерлерде, жат жұртта қалды. Әсіресе, большевиктердің қолдан ұйымдастырған 1929-1933 жылдарғы ашаршылық кезінде қазақ жерінен ауып, шетелдерге бас сауғалаған талай қазақ сол жақта өлім құшты. Көбі көмусіз иен далада қалды. Бірақ біздің айтпақ болып отырғанымыз, «Ұлы Отан соғысы» деп аталатын Германия мен СССР арасындағы 1941-1945 жылдары Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан талай боздақтың елге қайтпай, жат жұртта қалғаны. «Соғыс тұтқыны» аталған осы қазақтар соғыс біткен соң «елге қайтсақ, сталиндік террордың құрбаны болармыз» деген қауіппен Германияда қалуды жөн санайды. Олардың көбі «Түркістан легионы» құрамында болды. Кезінде Мұстафа Шоқайдың көмегімен неміс концлагерлерінен босанған осы азаматтардың кейбірі